Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет5/73
Дата02.03.2023
өлшемі1,85 Mb.
#71203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

(сөзбен баяндау) түрлері. Формативті бағалау да, суммативті бағалау да білім беру 
жүйесінде қолданылатындығы. Формативті бағалаудың мақсаты білім алушылардың 
оқуын жақсарту екендігі. Білім алушы өзінің білім деңгейін біледі, ал мұғалім бағалау 
үшін қай бағытта жұмыс атқару керектігі. Жылдық, тоқсандық, қорытынды бағалау. 
 Блум таксономиясы жəне бағалау критерийлері 
Блум таксономиясы туралы түсінік. Блум танымдық саласының алты деңгейі: білу, 
түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау. Аталған деңгейлердің ең күрделісі бағалау 
деңгейі екендігі.
Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда 
критериалды бағалаудың маңызы. Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім деңгейін 
сапаландырумен қатар, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, 
қоршаған ортада қарым-қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары 
нақты қойылғандығы.
Критериалды бағалаудың негізгі критерийлері: 

Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 

Тапсырманың анықтығы мен айқындылығы; 

Бағаның əділдігі; 

Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. 
 
Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша критериалды бағалау жəне дағдылары 
 
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір 
білім алушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының жеке 
тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі 
дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылғандығы. Критериалды бағалау бұл 
мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Мұнда күтілетін нəтиже: болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат алады, 
салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді. Бағалау парақшасын 
жасап, сабақта қолдануға бейімделетіндігі. 
Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша критериалды бағалаудың дағдылары. 
Білім алушылардың білімін бағалау техникалық тəсіл ғана емес. Оқушының оқуы мен 
ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік ұғымдарына қатысты 
құндылықтар жататындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет