6
ТҮСІНІК ХАТ
Пəннің мақсаты – білім алушыларға оқыту нəтижесін бағалаудың қазіргі құралдары,
білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлі,
критериалдық бағалау
технологиясының моделі жайында түсінік беру.
Пəннің міндеттері:
-
білім алушыларға бағалаудың түрлері жəне ұстанымдары жайында мағлұмат
беру;
-
бағалау кезеңдері жəне инструменттерін талдата меңгерту;
-
критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау жəне суммалық (ішкі
жəне сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру;
-
оқу бағдарламасы жəне оқу жоспарының ( қысқа, орта, ұзақ)түрлері
жайында
ұғымдар қалыптастыру;
-
портфолионың педагогикалық міндеттері,
функциясы мен құрамы жəне оны
қолданудың білік-дағдыларын игерту.
-
Білім бағдарламасындағы пəннің орны:
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні арнайы пəндер модулінің міндетті
пəндер компонентіне кіреді. Бұл пəнді меңгеруде студенттер жалпы білім беру жəне
кəсіби пəндер модулінен оқитын пəндерден игерген білік, дағдыларына сүйенеді.
Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология», «Зерттеу əдістері»
Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту əдістемесі», «Қазақ əдебиетін оқыту
əдістемесі», «Тəжірибе-1», «Тəжірибе-2», «Тəжірибе-3»
Пəнді меңгерудің нəтижесіне қойылатын талаптар:
Пəнді оқыту үрдісі
кəсіби құзыреттілікті қалыптастыруға жəне дамытуға
бағытталған:
- оқу-тəрбие үдерісін модельдей алады жəне оқыту тəжірибесінде оны жүзеге асыруға
дайын;
-
ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі əдістерін, тəсілдерін жəне құралдарын
қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан,
оның ішінде ауқымды
компьютерлік желіні
жетік меңгерген;
- психикалық жəне психофизиологиялық дамудың жалпы, арнайы (əртүрлі ауытқушылық
типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, əртүрлі жастағы адам əрекеті мен мінез-
құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын
қолдана алады;
- əртүрлі жастағы балалардың əрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық
əдістерін
пайдалануға дайын;
- білім берудің əртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған
бағдарламалардан, оқыту,
тəрбиелеу жəне дамытудың əртүрлі теорияларынан алған білімдерін
қолдануға дайын;
- балалардың əралуан əрекет түрлерін
ұйымдастыруға дайын;
- білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара əрекеттестікті
ұйымдастыру əдістерін
меңгерген.
Пəнді оқыту үрдісі
пəндік құзыреттілікті қалыптастыруға жəне дамытуға
бағытталған:
- қазақ тілі мен əдебиетінің тұжырымдамалық жəне
теориялық негіздерін, оның жалпы
ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын
біледі;
- психологиялық-педагогикалық пəндер бойынша жүйелі білімдерді, оқыту əдістемесін,
классикалық жəне қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар туралы білімді игерген;
7
білім алушылардың жетістіктерін қазіргі əдістермен диагностикалауды
пайдалануға
қабілетті;
- байқаулар мен тəжірибелер нəтижелерін теориялық тұрғыдан талдау əдістерін
компьютерлік үлгілеуді
қолдануды игереді.
Достарыңызбен бөлісу: