жетік білуі керек:
-
елдің мемлекеттік экономикалық жəне əлеуметтік саясаты;
-
кəсіпкерлік, шаруашылық жəне денсаулық сақтау саласының
заңдары;
-
Мейірбике ісінің отандық жəне халықаралық дамуы мен жағдайы;
-
медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру;
-
Мейірбике ісі мамандары көрсететін медициналық көмек туралы
стандарттарды жасау жəне қолдану;
-
денсаулық сақтау аясындағы басқару, жетекшілік ету жəне
маркетингті қызмет.
7 Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары жəне
мақсаттарының иерархиясы (пəн циклінің мақсаты бойынша)
Жоғары білім берудің негізгі жалпы ұлттық мақсаттары əрбір адамға
білім алудың түрін, мерзімін таңдап алуға кеңінен мүмкіншіліктер жасау
арқылы жан-жақты жоғары білімді, интеллектуалды, өздерінің кəсіптік
қабілетін іске асыра алатын мамандар дайындау. Ұлттық жоғары білім
берудің концептуалды негізі бакалавриат деңгейінде кең қорлы кəсіби
даярлық пен болашақ мамандардың жан-жақты терең білім алуына
бағытталған. Осы тұрғыда бакалавр кəсіби қызметін жалпы интегралды
əдістемелерімен қамтамасыз етіп, болашақ мамандардың кəсіби жасампаз
қабілеттін дамыту арқылы əрқашан білімдерін жетілдіруге деген
талпыныстарын қалыптастыру.
Мақсаттар
жүйесі
басқару
профилінің
негізгі
пəндерінің
экономикалық сипаты жəне арнаулы мамандық пəндерінің медициналық
мейірбикелердің классикалық білім алудағы маңызды негізімен үйлесімді
келуін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беру пəндер циклдерінің оқыту мақсаты жоғары білім
беру
мекемелерінде
жаратылыстану,
жалпыгуманитарлық,
лингвистикалық ғылымдарының негізінде оқыту.
Базалық пəндер циклдерінің оқыту бағыты медициналық,
биологиялық, əлеуметтік ғылымдар ауқымында терең білім қорын
қалыптастыру, денсаулық сақтау саласындағы медициналық-санитария
мен медициналық-əлеуметтік көмек сұранысын қанағаттандыра алатын
мейірбике ісі мамандарын дайындау. Оның негізгілері:
-
мейірбике ісін қамтамасыз ету жəне жетекшілік ету;
-
мейірбике ісі мамандары мен емделушілерге медициналық-
санитарлық жəне медициналық-əлеуметтік көмек көрсетудің жаңа
тəсілдерін үйрету;
-
болашақ мамандарда жетекшілік қабілетін қалыптастыру;
8
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
-
клиникалық ойлау жəне ғылыми зерттеу арқылы Мейірбике ісі
практикасын дамыту.
Кəсіптендіру пəндер Қазақстан денсаулық сақтау саласында
экономикалық басқарудың негізгі теориялық аспектілерін жəне макро-,
мезо- жəне микро- деңгейде басқарудың теориялық, практикалық
аспектілерін оқуға бағытталған.
8 Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар
8.1 Жалпы білім беруге қойылатын талаптар
Түлек білуге міндетті:
-
қазіргі заманның рухани, мəдени, интеллектуалды, экологиялық
құңдылықтар негізін бағалауды;
-
идеялық қайшылықтарды сын көзбен саралап, өзінің кəсіби қызмет
саласындағы мəселелерге тиімді шешім қабылдауға;
-
кең ой - өріс негізінде қоғам алдындағы өз міндетіне аса
жауапкершілікпен қарауға;
-
салауатты өмір сүрудің ғылыми танымдарына жетік;
-
дене шынықтырудың дағдылары мен тəсілдерін білуге;
-
жоғары мəдениетті;
-
өз мамандығының əлеуметтік маңызын түсінетін, білімін үздіксіз
жетілдіріп отыруға тиіс.
8.2 Əлеуметтік-этикалық құзіреттілікке қойылатын талаптар
Түлек білуге міндетті:
-
Қазақстан Республикасы заңдарының негіздерін, əлеуметтануды
меңгерген, денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру мен этикалық, құқықтық
нормаларға жетік, адамдар арасындағы қатынасты реттей білетін;
-
кəсіби құндылықтарға иегер болуы, жанашыр, альтурист, əділетті,
аса жауапты, дəрігерлік құпияға берік;
-
емделуші, отбасы мүшелері жəне дəрігер, мейірбике арасындағы
өзара түсінушілік пен қарым-қатынастың маңыздылығын сезіну;
-
мəдени ғұрыптар мен діни сенімдерді сыйлауға;
-
əріптестерінің көзқарастарын ескере отырып, парасатты қарым-
қатынаста болуы тиіс.
8.3
Экономикалық жəне ұйымдық-басқарушылық құзіреттілігіне
қойылатын талаптар
Алған білім мен біліктілікті еркін кəсіпкерлік жағдайдағы
экономикалық, басқару, саралау жұмыс барысында дұрыс шешім
қабылдауға пайдалану.
8.4
Кəсіби құзіреттілікке қойылатын талаптар
Мейірбике ісі бакалавры білуге міндетті:
9
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
-
денсаулық сақтау, экономика саласында жəне мейірбикелік
қызметті ұйымдастыру мен басқаруда жетік болуға;
-
мейірбике ісі қызметінің атқарылуына кешенді сараптама беруге;
-
ішкі жəне сыртқы орта өзгерістеріне жауап бере алатын Мейірбике
ісі қызметінің тиімділігінің жоғарлататын жаңа көздерін анықтау;
-
тұрғындарға тиімді медициналық көмекті қамтамасыз ететін
практикалық дағдыларға иегер болуы, сонымен қатар мейірбикелік
жұмыстың ерекшеліктеріне байланысты медициналық көмек көрсетуді
ғылыми-негізделген
сапалы
деңгейде
ұйымдастырып,
басқару
əдістемелерін іске асыру;
-
денсаулық сақтау саласындағы қазақстан заңдары мен бухгалтерлік
есепті білуі керек;
-
халықаралық басқару жобаларының стандарттары мен сапалы
медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын жетік болу;
-
іскерлік-жоспар жəне инновациялық, ғылыми-зерттеу жобаларын
жасай білу.
8.5 Өзгерістер мен белгісіздіктің өспелі серпіні жағдайындағы
əлеуметтік, экономикалық, кəсіби рөлдердің, географиялық жəне
əлеуметтік икемділіктің ауысу дайындығына қойылатын талаптар
Түлек қабілетті болуы қажет:
-
медициналық-санитарлық,
медициналық-əлеуметтік
көмек
мекемелеріндегі өзгерістерге байланысты Қазақстандағы мейірбике ісінің
жағдайын бағалау;
-
басқару шешімдерін қабылдау;
-
мейірбике ісін саралап, ондағы өзекті мəселелерді анықтау;
-
мейірбике ісінің үрдісін толықтай қадағалап, уақтылы жоспарлап,
ұйымдастырып, басқару;
-
экономикалық жəне əлеуметтік өзгерістерге бейімделу;
-
əлеуметтік, рухани, психологиялық тұрғыдан іскерлік жəне
бейімділік;
-
денсаулық сақтау саласының талабына сай медициналық мейірбике
қызметін қалыптастыру.
8.6 Оқу пəндерінің негізгі циклдері бойынша білімділікке қойылатын
талаптар
Жалпы білім беру пəндері циклі бойынша білім деңгейіне қойылатын
талаптар.
Түлек жалпы адамзат жəне кəсіптік құндылықтарды, адам мен өмір
тұтастығын түсінуде, жаратылыстану, гуминитарлық-психологиялық
дүние танымын қалыптастыру барысында философия жəне əлеуметтік
ғылым негіздерін білуі тиіс.
Студенттер базалық пəндер цикліне қоса келесі мəселелерді
айқындайтын пəндерді оқып білуі керек: əлеуметтік қоршаған ортаға
10
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
байланысты адамның дамуы; тіршіліктің шығу тегі мен дамуының жалпы
заңдылықтары; жастық жəне жыныстық ерекшеліктерге байланысты
организмдегі тіндер, ағзалар мен жүйелер жасушаларының қызметі;
нозология туралы түсінік: себептердің маңызы, дерттің пайда болу, даму,
соңы кезіндегі организмнің қарсы тұру қабілеті; асқынулар мен ақыры
сатыларындағы дерттің құрылымдық негізі; фармакотерапия үрдісіндегі
дəрілік заттар жиынтығының фармакологиялық қасиеті; денсаулықты
нығайту, қолдау жəне қалпына келтіру мəселелері.
Кəсіптендіру пəндер циклінде түлектердің кəсіптік деңгейіне жалпы
талаптар қойылады, сондай-ақ келесі сұрақтарды білуге міндетті:
-
денсаулық сақтау жүйесіндегі басқару жұмысының ерекшелігі мен
мəнін;
-
медициналық мекемелерде емдік-қорғау, санитария-гигиеналық,
санитария-эпидемиологиялық тəртібіне қойылатын талаптар;
-
коммуникативті сұрақтар;
-
мейірбике ісінің практикалық қызметіне əсер ететін факторлар:
денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, денсаулық сақтау саласының
саясаты, əлеуметтік саясат, заңдар құрылымы, əлеуметтік жəне
медициналық қызмет көрсету;
-
ұлттық жəне аймақтық деңгейдегі денсаулық көрсеткіші;
-
басқарудың ақпараттық жүйесі.
9 051101 - «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім беру
бағдарламаның мазмұны
9.1 Кəсіптік білім бағдарламасы 1 кестеде ұсынылған пəндер циклдері
бойынша жүргізіледі.
1 кесте
Пəндер
циклдері
Пəндер жəне оның негізгі бөлімдерінің
атаулары
Сағаттар
саны
1 2
3
ЖББП
Жалпы білім беру пəндері 1440/32
МК
Міндетті компонент 1350/30
ЖББПМК 01 Қазақстан тарихы
“Қазақстан тарихына” кіріспе. Қазақстан
ежелгі дəуірде.
Қазақстанның
ежелгі
тарихы. Палеолит (ежелгі тас ғасыры),
мезолит (орта тас ғасыры), Неолит (жаңа
тас ғасыры). Қола дəуірі. Ерте мемлекеттік
135/3
11
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
1 кестенің жалғасы
1 2
3
құрылымдар.
Сақтар.
Үйсіндер
мен
қаңлылар.
Ғұндар.
Қазақстан
орта
ғасырларда. Ерте, орта ғасыр мемлекеттері
(VI-X ғ.ғ.). Түрік қағанаты. Түргештер.
Қарлұқтар. Оғыздар. Қимақтар. VI-X ғ.ғ.
Қазақстанның экономикалық, мəдени өмірі.
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер
(ХІ ғ – ХІІІ ғ. басы). Қарахандар.
Қарақытайлар. Наймандар мен керейлер.
Қыпшақтар. ХІ ғ. – ХІІІ ғ. басындағы
Қазақстан экономикасы мен мəдениетінің
дамуы. Қазақстан монғол басқыншылығы
кезеңінде. Алтын Орда. ХІV-ХV ғ.ғ.
Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда жəне
Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан. Көшпелі
өзбектер мемлекеті. Ноғай ордасы. Сібір
хандығы. Қазақ халқының қалыптасуы.
“Қазақ” этнонимі. Қазақ жүздері. ХV ғ. –
ХV ІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. ХІV ғ –
ХVІІІ ғ. басындағы қазақтардың мəдениеті.
Жаңа замандағы Қазақстан (ХVІІІ-ХХ ғ.
басы).Қазақстан ХVІІІ ғ. бірінші ширегінде.
Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен
Ресей. Қазақстанда отарлау дəуірінің
басталды. ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы
Қазақстанның əлеуметтік – экономикалық
жəне саяси дамуы. Қазақстан мəдениеті
(ХVІІІ-ХХ ғ. басы). Қазақстан қазіргі
кезеңде. 1917 ж. Қазан төңкерісі жəне оның
алғы шарттары. Азамат соғысы – халық
қасіреті (1918 – 1920 ж.ж.) Қазақ Кеңес
мемлекетінің
құрылуы.
Қазақстандағы
“соғыс коммунизмі” саясаты (1918 –
1921 ж., наурыз). Өлкедегі Кеңес мем-
лекетінің құрылуы. ЖЭС-тің əлеуметтік-
экономикалық нəтижелері. Ауыл шаруашы-
лығы ұжымдастыру – Қазақстан шаруашы-
лығының
қасіреті.
Индустрияландыру:
сипаты,
қарқыны,
көлемі.
Соғыс
12
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
1 кестенің жалғасы
1 2
3
қарсаңындағы Қазақстанның əлеуметтік –
экономикалық дамуы. Қоғамдық – саяси
жағдай. Қазақстан Ұлы Отан соғысы
жылдарында. (1941 – 1945 ж.ж.). Қазақстан
соғыстан кейінгі жылдарда (1946 –
1953 ж.ж.). Хрущев реформалары тұсында
Қазақстан (1953 – 1964 ж.ж.). 1960
жылдардың 2 жартысы мен 1980 жылдың І
жартысындағы Қазақстан. “Қазақстандағы
қайта құру” саясаты (1985 – 1992). Тəуелсіз
Қазақстан. Қазақстан тəуелсіздік жолында.
Қазақстан тəуелсіздігінің жариялануы. Тəуелсіз
Мемлекеттер
Достастығының
құрылуы.
(ТМД).
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік құрылысы. Экономикалық дамуы.
Қоғамдық – саяси даму. Рухани даму.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
ЖББПМК 02 Философия
Философия мəдениет феномені ретінде.
Философия пəні жəне қызметтері. Мəдени-
тарихи контексттегі филосифия. Мəдениет
контекстіндегі
философияның
тарихи
типтері. Ежелгі Үнді философиясы шығыс
мəдениетінің феномені ретінде. Қытай мə-
дениетінің гүлденуі кезіндегі ежелгі Қытай
философиясы. Антика мəдениетіндегі фило-
софия. Орта ғасырлық мəдениеттегі филосо-
фия феномені. Ислам мəдениеті аясындағы
араб-мұсылман
философиясы.
Батыс
Еуропалық орта ғасырлық мəдениеттегі
философия жəне дін феномені. Қайта өрлеу
жəне Реформация мəдениетіндегі филосо-
фия. Жаңа Заман мəдениетіндегі батыс
еуропалық философия. ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы мəдениеттегі батыс
еуропалық философия. Орыс философиясы
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ресейлік мəдениеттің феномені
ретінде. Қазақ мəдениетіндегі философия
феномені. ХХ ғ. мəдениетіндегі Кеңестік
135/3
13
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
1 кестенің жалғасы
1 2
3
философия. ХХ ғ. жəне ХХІ ғ. алдындағы
мəдениет аясындағы батыс философиясы.
Болмыс
философиясы.
Философиялық
антропология.
Əлеуметтік
философия.
Мəдениет философиясы. Махаббат филосо-
фиясы. Дін философиясы. Тарих филосо-
фиясы. Саясат философиясы. Білім беру
философиясы. Диалектика теориясының
мəселелері.
Эпистемология
ғаламдық
(жаһандық) мəселелердің философиясы.
ЖББПМК 03 Шет тілі
Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық,
орфографиялық, лексикалық, грамматика-
лық нормалары. Фонетика: шетел тілінің
айтылу, ырғақтық-интонациялық ерекшелік-
тері, дыбыстық жүйенің рецепциясы мен
репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыс-
тық-əріптік жүйесі, негізгі орфографиялық
ережелер. Лексика: сөзжасам модельдері;
көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын
лексикалық минимум, сонымен қатар
мамандықтың профиліне сай терминдер;
қолданыс кеңістігіне сай лексиканың
дифференциясы. Грамматика: негізгі сөз
таптар-зат есім, сын есім, үстеу, етістік,
артикаль, есімдік; жай сөйлем мен құрмалас
сөйлемдердің құрылымы, сөзжасамның
негізгі
модельдері.
Оқу:
таныстыру,
анықтамалық, шолып оқу дағдысының
қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар
көлемінде монолог пен диологты дамыту
шеберлігі. Жазу тізбекті ой жүйесін жеткізу,
тұжырымдамалар мен шығармалар, жеке
жəне іскерлік мəндегі хаттар жазу дағдысын
жетілдіру. Мамандыққа байланысты шетел
тіліндегі мəтіндерді ана тілінде тілдік
нормаларға сай аудару. Тыңдау: күнделікті
кездесетін ақпараттық, кəсіптік мəндегі
хабарларды тыңдау арқылы қабылдау.
270/6
14
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
1 кестенің жалғасы
1 2
3
ЖББПМК 04 Қазақ (орыс) тілі
Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз
тіркестерінің
лексикалық
минимумын
кеңейту. Тілдегі қолданыс деңгейіне қарай
грамматикалық формалар мен құрылымдар-
ды
меңгерту.
Мамандық
бойынша
лексикалық жəне терминологиялық мини-
мумды білу. Сөйлеудің түрін: əңгімелесу,
суреттеу, хабарлауды құрастыру. Граммати-
калық формалар мен құрылымдарды сөйлеу
процесінде
дүрыс
қолдану.
Белгілі
мəтіндерді қайта өңдеу. Тілдік қызметтің əр
түрінде (сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу) қиын
емес прагматикалық мəтіндерді, əлеуметтік-
тұрмыстық жəне кəсіби саладағы өзекті
тақырыптардағы сұхбаттар мен монологтар-
ды ауызша жəне жазбаша түрде өңдеу.
Кəсіби білімін дамыту: а) мамандық
бойынша
əдебиеттерді
оқу,
тыңдау,
мазмұндау дағдылары мен икемділіктерін
қалыптастыру; б) əр түрлі ғылыми
мəтіндерді оқулықтардағы мəтіндер мен
дəрістерге мамандығына байланысты сұх-
баттар мен монологтар құру; в) пікірін
білдірудың негізгі əдістемелерін қарқынды
оқыту: монолог - суреттеу, сұхбат,
пікірталас ұйымдастыруға дағдыландыру.
Кəсіби қазақ (орыс) тілі. Ғылыми-кəсіби
сөйлеуді
дамыту:
а)
ғылыми-кəсіби
сөйлеуде белсенді, жалпылама, көлемді
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.
270/6
ЖББПМК 05
Информатика
Информатика пəні, объектісі жəне құрамдас
бөліктері. Ақпаратты көрсету формалары.
Сан жүйелері. Сандарды аудару əдістері;
екілік арифметика. Дескретизация ұғымы,
белгіленген жəне
жылжымалы
үтірлі
сандармен арифметикалық операцияларды
орындау. Тілдер үшін объектілер жəне
135/3
15
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
1 кестенің жалғасы
1 2
3
процесстерді кескіндеу тəсілі. Қазіргі
заманғы есептеу техникасының құрылысы.
Ақпаратты компьютерде беру. Бульдік
алгебра жəне компьютердің логикалық
схемасы. Логикалық схемалар жəне логика-
лық машиналар. Компьютердің негізгі
блоктарының элементтерінің негіздерін
ұйымдастыру. Процессордың архитектура-
лық ұйымдасуы. Компьютердің жадын
ұйымдастыру, программаны басқару прин-
ципі, функционалдық жəне құрылымдық
компьютерді ұйымдастыру, мəліметтерді
өңдеудегі желілік технологиялар. Бағдарла-
малауға кіріспе. Есептерді алгоритмдеу
негіздері. Алгоритмдер (типтер, қасиеттері,
беру тəсілдері). Алгоритмдік құрылымдары.
Бағдарлама құруды оқыту тілдері. Жалпы
қызметтік бағдарламалау тілдері. Қолданба-
лы
бағдарламамен
қамтамасыз
ету,
ақпаратты өңдеу. Берілгендер базасын
басқару жүйесі. Компьютерлік желілер,
желілік жəне телекоммуникациялық техно-
логиялар. Желілер жөнінде жалпы мағлұ-
мат, компьютерлерлердің желілік қарым-
қатынасының қажеттілігі. Ақпаратты қорғау
негіздері. Ақпараттық қауіпсіздік жəне
оның құрамалары. Ақпараттық процесстер-
ге заңсыз енуден қорғау. Ұйымдастыру
шаралары,
ақпаратты
қорғаудың
инженерлік-техникалық жəне де басқаша
əдістері. Жергілікті компьютерлік желідегі
ақпаратты қорғау, антивирустық қорғану.
Электронды басқару – денсаулық сақтау
жүйесінің жинақталып біріккен ақпараты
деген түсінік.
ЖББПМК 06 Экология
Экология ұғымы, экологияның ғылым
ретінде қалыптасуы жəне дамуы. Экология-
ның мақсаты, міндеттері, зерттеу əдістері.
45/1
16
ҚР МЖМБС 3.08.388-2006
1 кестенің жалғасы
1 2
3
Қазіргі
экономикалық
жəне
саяси
мəселелерді шешудегі экологияның орны
жəне
атқаратын
ролі.
Аутэкология:
экологиялық факторлар, оптимум жəне
минимум аймақтары. Демэкология: популя-
ция сипаттамалары, флуктуациялар жəне
популяция санының реттелуі. Синэкология:
қауымдастық
ішіндегі
əсерлесулердің
түрлері,
қауымдастықтың
трофикалық
құрылымы жəне экологиялық пирамидалар.
Экожүйелердің флуктуациялары: энергия
алмасуы
жəне
заттар
айналымы,
экожүйелердің
біртұтастығы
жəне
орнықтылығы, экологиялық сукцессиялар.
Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы
түсінік. Құрлықтық жəне сулық экожүйе-
лердің типтері. Биосфера жəне ноосфера
туралы ілім. Биосфераның тірі заты жəне
оның функциялары. Табиғи ресурстар жəне
табиғатты ұтымды пайдалану. Табиғатты
қорғау жəне қазіргі заманның экологиялық
мəселелері. Экологиялық даму мəселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |