Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Алғы сөз 
  Құрметті оқырман, Әсет Ризаұлы Мұқашбеков өз-
деріңізге  «Бақыт  құсыңды  басыңа  қондырудың  құпия-
лары»  атты  кітабын  ұсынып  отыр.    Бұл  кітап  расымен 
де екінің біріне ашыла бермейтін тылсым ілімнің құпия-
сын өздеріңізге сыйға тартады. Әсет Ризаұлы осы ілімді 
пайдаланып, қаншама адамға көмектесті, жолы болмай 
жүрген көптеген адамдар бақытқа кенеліп, рухани ілім 
арқылы өмірін түзеді. Енді осы ілімді пайдаланып, сіз де 
бақытқа қол жеткізуіңізге болады. Бұл рухани ілімді үй-
рену үшін сізге ерекше қасиет пен жоғары білім туралы 
дипломның қажеті жоқ. Тек жан тазалығы мен ар таза-
лығы керек. Бұл ілімді тек игі мақсат пен жақсылық үшін 
ғана қолданған абзал. 
Әсет Ризаұлы Мұқашбеков 1951 жылы тамыз айының 
25  жұлдызында  бұрынғы  Семей  облысы,  Ұржар  ауда-
ны, Науалы ауылында дүниеге келген. Сүйегі: Найман –  
Қаракерей – Байыс – Тума – Ақша – Қарабас – Қожакелді 
– Көкі –Қылқабай – Босқынбай – Жолбарыс – Мұқашбек 
– Риза – Әсет. 
Атасы  Мұқашбек  Жолбарысұлы  белгілі  молла,  аса 
дәулетті  жан  еді.  Диқаншы,  тоған  басы  болған.  1936 
жылдары  Ұржар  ауданында  Елтай  ауылы  мен  Науалы 
ауылының арасында өзі түйе сойып, асар жасап, су аға-
тын тоған қаздырған. Бертінге дейін ол Мұқашбек тоға-
ны деп аталған. ХІХ ғасырдың аяғында  Арабиядан ар-
найы шақыртумен келіп, Тарбағатай өңіріне ислам дінін 
таратқан миссионер Ғабдішүкір  әулиенің 40 шәкіртінің 
бірі.  1918  жылы  қызылдар  Ғабдішүкір    әулиені  намаз 


6
Алғы сөз
оқып отырған жерінде шауып өлтіреді. Зираты: Қытай-
ға  баратын  Науалы  -  Мақаншы  күре  тас  жолының  оң 
жағындағы «Барақбай» деген жерде. 
Мұқашбек халық арасына «қара молла» деген атпен 
белгілі, ерекше қасиет пен кие қонған, қара суды теріс 
ағызған рухани ілімі ерекше жоғары зиялы адам болған. 
1937  жылы  желтоқсан  айының  19  жұлдызында 
Мұқашбекті Құдайға сенеді, Жаратушыға жалбарынады 
деп НКВД тұтқындаған. Мұқашбек тұтқындалып қама-
уға алынғаннан кейін жары Қазыкей Қалқұлқызы (сүйегі 
Болатшы) көп ұзамай құсадан қайтыс болып, балалары 
Риза,  Рәш,  Райхан  Науалыдағы  балалар  үйіне  тапсы-
рылған. Ризаны халық жауының баласы деп шашының 
жартысын алып тастап, қорлаған. Жақсы оқыса, «жаудың 
баласы» әдейі жақсы оқиды. Нашар оқыса, әдейі нашар 
оқиды  деп  жас  баланы  жәбірлеген.  Риза  бұл  қорлыққа 
шыдай алмай 13 жасында балалар үйінен қашып кетіп, 
колхозға есепші болып орналасады. 1944 жылы әскерге 
алынып, 1950 жылға дейін Германияда, Польшада Кеңес 
үкіметінің  басқыншылық  әскерінің  қатарында  болады. 
Ұлы Отан соғысының ардагері.
Риза  Мұқашбекұлының  қарындастары  Рәш  пен 
Райхан осы балалар үйінде жетімдіктің зардабынан біре-
уі 3 жасында, екіншісі 5 жасында өлген. (Ескерту: Еліміз 
тәуелсіздік алғаннан кейін Әсет Ризаұлы атасы Мұқаш-
бек  Жолбарысұлының  сүйегі  Алматының  жанындағы 
«репрессия  құрбандарының»  сүйектері  көмілген  Жаңа-
лық ауылындағы бауырластар зиратында екенін анықта-
ды. 1937 г. Тройкой УЕКВД Алма-Атинской обл. По ст. 


7
58 и 58-2 УК РСФСР к ВМН. 20.02.38г. Приговор приве-
ден в исполнение). Ол кезде Ұржар ауданы Алматы об-
лысының құрамына кірген.
Әсет Ризаұлы 13 кітаптың авторы. Атап айтсақ: 
1.  «Жасару құпиясы» – 2006 ж. 4 000 дана. 
2.  «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі» – 2007 ж. 
5000 дана.
3.  «Рух пен тәннің саулығы» – 2007 ж. 2000 дана.
4.   «Жүйке жүйесінің тылсымы» – 2007 ж. 2000 дана.
5.    «Ақыл  есті  билеп  алған  жоқшылық  пен  кедей-
шіліктен қалай құтылуға болады?» – 2007 ж. 5000 дана.
6.  «Желілі  бизнестің  көмегімен  ақымақтық  пен 
жоқшылықтан қалай құтылуға болады?» – 2008 ж.   4000 
дана
7.  «Тибет  медицинасының  өнімдерінің  негізінде  – 
желілі жеке бизнесті құрудың құпиясы» – 2008 ж.    2000 
дана.
8.  «Жаратушыны әруақтар арқылы  тану немесе «Ақ 
ананың» тылсым дүниелері» – 2008 ж. 1000 дана. 
9.  «Өз тағдырыңды – өзің қалай өзгертуге болады?»  
– 2009 ж. 2000 дана.
10.«Сен  неге  кедейсің?  Сен  неге  қарыздарсың?  Не-
месе мол ақша табу үшін не істеуіміз керек?» – 2009 ж.   
7000 дана.
11.«Өз  тағдырыңды  өзің  қалай  түбірімен  өзгертуге 


8
Алғы сөз
болады» – 2010 ж. 4 000 дана.  
12. «Бүгін мен: имандылыққа, бақытқа, молшылыққа, 
махаббатқа толы жаңа өмірімді бастаймын» – 2014 ж. 10 
000 дана.  
13. «Бақыт құсыңды басыңа қондырудың құпиялары» 
2016 ж. 10 000 дана.
Әсет  Ризаұлы  Мұқашбеков  не  кәсіпқой  жазушы,  не 
журналист, не бақсы, не емші, не көріпкел, не құмалақшы, 
не балгер емес. Әсет Ризаұлына Құдайдың құдіретімен 
«жанды  жетелеуші»  орысша  айтқанда  «проводник 
души» қасиеті 2009 жылы Грецияда Зевс туған, Геракл 
ерліктерін жасаған «Крит» аралында қонып, Маңғыстау 
өңірінде саябыр тауып жатқан пір Бекет атаның және Са-
марқанд қаласында жерленген ұлы қолбасшы жаһангер 
Әмір Темірдің мазарында үшінші тылсым көзі ашылған 
- Рухани Ұстаз.
Әсет Ризаұлы Мұқашбековпен сеанс барысында адам 
санасы арқылы: Құдайдың кереметтерін, шексіз құдіретін 
өзі кино көргендей көріп, жүрегімен сезіп отырады.
Әсет Ризаұлының Жаратушы дарытқан қасиеттері: 
1.  қара дұға, тіл, көз тигендерді тазалау; 
2.  ата-бабасы алған қарғысты алу
3.  адамның өмірдегі және бизнестегі жолын ашу; 
4.  ниетін (аурасын) тазалау; 
5.  аяқ-қолындағы кісенді шешу


9
6.  жүрегінің кірін аршу;
7.  періштелерін,  бақ  құсын  қайта  қайтарып,  өзіне 
қондырып беру;
8. сырқаттарын жеңілдету, аурасын жамау, бойындағы 
үрейін, қорқынышын алу;
9.  сана мен ойлау жүйесін толық тазалау; 
10. санасының, ойлау жүйесінің бағдарламасын түбе-
гейлі жақсы жаққа өзгерту;             
11. шаңырағын, ауласын, автокөлігін, қора-қопсысын 
жын-шайтан перілерден, қаралықтардан тазалау;
12. жанұясына, үйіне және 7 (жеті) ұрпағына дейін – 
қара дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілерден, төмен-
гі әлемнің жан иелерінен, қаралықтардан т.б. келеңсіздік-
терден қорғайтын қорған  қоршау салады; 
13. Жаратушының құдіретімен: Жалғыз бастылардың 
бойына ұялап алған жын-шайтандарды қуады;  
14.  қара  дұғаның  кесірінен  тұрмысқа  шықпай  жүр-
ген қыз-келіншектер, сүр бойдақ жігіттер, жігіт ағалары
кәрі  қыздар  өзерінің  Құдай  қосқан  қосақтарын  тауып, 
бір бастары екеу болып, балалы-шағалы, бақытты әрі екі 
дүниенің қанатын тең ұстайтын болады.


10
Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет