Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Ойлау жүйесіне жақсы бағдарлама ұялату



Pdf көрінісі
бет28/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Ойлау жүйесіне жақсы бағдарлама ұялату 
«Иа,  Алла  менің  ойлау  жүйеме  (отбасындағы  басқа 
адамдардың  да  аты-жөнін  атайды)  солардың  да  ойлау 
жүйесіне Аллаға деген шексіз махаббат, бүкіл адамзатқа 
деген шексіз махаббат, бүкіл жан иелеріне деген шексіз 
махаббат, бүкіл қоршаған ортаға, табиғатқа, әлемге деген 
шексіз  махаббат,  бір-бірімізге  деген  махаббат,  өз  жұр-
тыма,  нағашы  жұртыма,  қайын  жұртыма,  ел  жұртыма, 
халқыма деген шексіз махаббатты ұялата гөрші», – дейді. 
Сосын  тағы  да  бағдарлама  қоюды  жалғастырады. 
«Иа,  Алла  менің  ойлау  жүйеме  батырлық,  батылдық, 
жүректілік,  ешкімнен,  еш  нәрседен  қорықпауымыз-
ды,  алған  мақсатымызға  жетпей  тынбауымызды,  иман-
дылық, ізгілік, адамгершілік, көп кітап оқуымды, рухани 
ілім деңгейімнің жоғары болуын, парасаттылық, кемең-
герлік,  даналық,  адалдық,  (үйленбеген  адам  болса)  Иа, 
Алла өзіме лайықты құдай қосқан қосағымды тауып бере 
гөрші, өмірге жақсы балалар әкелуіме себепші бола гөр-
ші», – деп тілейді. 
«Иа, Алла мені шексіз байлық иесі, шексіз дәулет иесі 
етіп, шексіз молшылыққа малындыра гөрші»– деп тілей-
ді. «Иа, Алла әдемі болуымды, сұлу болуымды, сымбат-
ты  болуымды,  сүйікті  болуымды,  сүйкімді  болуымды, 
денімнің  сау  болуын,  ғұмырымның  ұзақ  болуын,  ба-
ла-шаға, немерелерімнің қызығын көруімді, екі дүниенің 
қызығын көруімді, екі дүниенің қанатын тең ұстауымды, 
өзімнің (әйел адам болса) қыздарымның, келіндерімнің 
жақсы ана, кемеңгер әже болуымызды, күйеуімнің, күй-
еу балаларымның жақсы әке болуын, дана ата болуын, 


65
мейірімді де қайырымды болуларын, жомарт, бауырмал, 
мәдениетті болуымызды Иа, Алла ойлау жүйемізге ұяла-
та  гөрші», – деп тілейді. «Иа, Алла кейін байып, миллио-
нер болған кезімде ел-жұртымды жұмыспен қамтамасыз 
етуімді, оларға баспана салып беруімді, балалар бақша-
сын салып беруімді, ел-жұртыма, қазақ еліне әйгілі адам 
болуымды, ел-жұртыма, халқыма рухани ұстаз болуым-
ды, менің ойлау жүйеме ұялата гөрші», – деп тілейді. Се-
анс кезінде адамдар көздерін жұмып отыратынын естен 
шығармағаны жөн. Сеанс кезінде олардың тілектері қа-
был болып, оның ойлау жүйесіне Алланың нұры құйы-
лады. Нұр көбінесе сәуле, жаңбыр, қар түрінде жауады. 
Бұл оның тілектерін Алла қабылдап жатқанын және ой-
лау жүйесінің толық жақсы жаққа өзгергенінің дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет