Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


VI БӨЛІМ Аруақтар дегеніміз кімдер?



Pdf көрінісі
бет36/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
VI БӨЛІМ
Аруақтар дегеніміз кімдер?
50 – ҚАФ СҮРЕСІ
Аса  қамқор,  ерекше  мейірімді  Алланың  атымен 
бастаймын!
1) Қаф. Биік дәрежелі Құран атымен ант етемін!
2) Өздерінің  арасынан  шыққан  ескертуші  келіп 


76
VI БӨЛІМ
сақтандырғанда, сенбеушілер: «Бұл – ерекше таңқалар-
лық екен!», – деді.
3) Қалайша біз өлгеннен кейін қайта тірілеміз? Бұлай 
болуы мүмкін емес!
4) Жердің олардан не алатынын Біз білеміз және бұл 
Кітапта сақтаулы. 
5) Бірақ,  олар  ақиқатты  өтірікке  балады,  ақиқат 
айқындалғанда естері шығып не істерлерін білмей жүр.
6) Біз төбелеріндегі аспанды қалай құрап әрлегеніміз-
ге қарамаған ба? Онда сызат жоқ.
7) Біз  жерді  жайғанда,  таңқаларлық  тауларды 
тұрғызып, жер бетіне түрлі-түрлі қайталанбас көркем 
өсімдіктерді жұптарымен өсірдік.
8) Бұл  Аллаға  бет  бұрған  әрбір  пендеге  түсіндірілу 
және есінде тұтып жүруі үшін. 
9) Біз бау-бақшаны өсіру және егістіктің өнімін жи-
нап алу үшін аспаннан берекетті жаңбыр жаудырдық.
10)  Жемістері  бұтақтарында  өсетін  биік  құрма 
ағаштарын.
11) Пенделерінің тамақтары осындай. Біз осылармен 
өлі жерді тірілттік. Көрден шығу да осылай болады!
12)  Осы  кезге  дейін  Нуһ  пайғамбардың  халқы,  Рәс 
тұрғындары және Сәмудттар оны өтірікші деді.
13)  Ғадтар,  Перғауын  елі  және  ағайынды  Лұттар 
да.
14)  Әйкеліктер  (адит)  Түббағ  елі  (Тобба).  Олардың 
барлығы  пайғамбарларды  өтірікшіге  есептеді,  сон-
дықтан Менің қаһарыма ұшырады.
15) Біз алғашқы жаратылысты жасағанда шарша-
дық  па?  Бірақ,  олар  жаңа  жаратылысқа  (өліктердің 
тірілуіне) күманданады.


77
16) Біз адамды жараттық, оған нәпсісі не деп сыбы-
рлап тұрғанын білеміз. Біз оған өзінің күре тамырынан 
да жақынбыз.
17) Екі періште оң және сол жағында отырып қылған 
қылықтарын жазып отырады.
18)  Әрбір  аузынан  шыққан  сөзге  дайын  бақылаушы 
бар.
19) Жантәсілім алдындағы азап ақиқатқа айналады. 
Сен осыдан қашып ең!
20)  Сырнай  шалынады.  Бұл  –  ескертілген  қауіптің 
іске асатын Күні!
21)  Әрбір  жан  иесі  айдаушысымен  және  куәсімен 
бірге келеді.
22) Сен қаннен-қаперсіз едің, Біз сенің жамылғыңды 
сыпырып жұлып алдық,  көзіңдегі шелің ашылып өткір-
ленді.
23)  Қасындағы  періште  айтады:  «Менде  дайын-
далғаны осы».
24)  Екеулеп  тоңмойын  сенбеушіні  тозаққа  та-
стаңдар.
25) Қайырымдылық жасамағанды, қылмыс істегенді 
және күмәнданушыны.
26)  Алладан  басқа  құдайды  мойындағанды.  Оларды 
да қатты азапқа салыңдар!
27) Оның сыбайласы (шайтан) айтады: «Біздің Жа-
ратушымыз! Мен оны тура жолдан тайдырған жоқпын. 
Оның өзі қатты адасып жүрген еді».
28) Ол айтады: «Мені алдымда сөз таластырмаңдар. 
Мен сендерді алдын-ала ескерткенмін».
29) Менің Сөзім өзгермейді, Мен өзімнің пенделеріме 
әділетсіздік жасамаймын.


78
VI БӨЛІМ
30)  Осы  күні  Біз  тозаққа  айтамыз:  «Сен  толдың 
ба?». Тозақ айтады: «Тағы бар ма?».
31) Жұмақ құдайдан қорқатындарға жақындап, қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет