87
соншалықты кешірім сұрап жатыр, соны білейінші, – деп
қыл көпірдің үстімен артыммен артқа жүрдім. Тоқымдай
ғана жер бар екен. Сонда тұрып үңгірдің ішіне кірдім.
Кірсем түрі қорқынышты: көздері, денесі күп болып ісіп
кеткен бір әйелді тіліне дәу шеге қағып, тасқа іліп қой-
ған. Сөйлей алмайды, тек «ың» деп ыңырсыған дыбыс
шығарып менен көмек сұрап тұр, бұлар өсекшілер. Мен
оны танымаймын, түрі бұзылып кеткен.
Мен: «Бисимилаһи рахманир-рахим», – деп тілімді
кәлимаға келтіріп алып, ары қарай жүрдім. Қарасам енді
бір әйелдің басын салбыратып, шашын қазыққа бай-
лап, көтеріліп тұрған екі аяғына шеге қағып, қабырғаға
жапсырып қойыпты. Тілі салақтап жерге жетеді. Ол да
сөйлей алмайды, тек «а-а-а-а!!!» дейді. Үңгірдің ішінің
ауасы ауыр, ниеті (аурасы) жаман.
Достарыңызбен бөлісу: