Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Пияз өңі жасушасының құрылысы  Жасуша қабықшасы



Pdf көрінісі
бет10/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128
1-сурет. Пияз өңі жасушасының құрылысы 
Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық 
суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан 
(целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау 
тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен 
екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның 
цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға 
белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден 
қорғайды. 
Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына 
ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 
60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның 
тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада 
жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат 
алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады. 
Ядро – цитоплазмаға 
қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте 
анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған 
(саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы 
байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың 
тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады. 
Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен 
саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 
пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет