Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа



Pdf көрінісі
бет13/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа 
дейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпаларынан мүшелер, ал мүшелерден ағза 
түзіледі: 
Жасушалар тобы → ұлпа → мүше → ағза 
Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қоректік және 
фотосинтездеуші), тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы (1,2-суреттер). 
1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» – бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан 
бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары 
ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл 
ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі 
жасушалардан тұрады. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр 
ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі. Жасушалары ұдайы 
бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа 
өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың 
үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына 
келтіреді. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Басқа ұлпалардың 
барлығы осы ұлпадан түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет