Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Қорықтар. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи  аймақтар – қорықтар



Pdf көрінісі
бет6/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Қорықтар. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи 
аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған: 
1. Алматы мемлекеттік қорығы (Іле Алатауы). 
2. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы). 
3. Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі, ондағы 
құландар Алтынемел мемлекеттік табиғи ұлттық саябаққа әкеліп жіберілді). 
4. Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су-батпақты аймағы). 
5. Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы). 
6. Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай). 
7. Үстірт қорығы (Маңғыстау). 
8. Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан). 
9. Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған). 
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 
қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы
Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам 
игілігінепайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге 
асады. 



 
 
 
 
 
 
 
Қарақұйрық Қызылқасқыр Үстірт арқары Ақдегелек Алтай ұлары Келес 
СҰРАҚТАР 
1.  Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым: 
2.  Жануарларды зерттейтін ғылым: 
3.  «Өсімдіктану» атты оқу құралын жазған Қазақстаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалым: 
4.  Қазақтың арқар-меринос қойын, жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек 
еткендердің бірі: 
5.  1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: 
6.  «Жануарлар» оқулығын жазған ғалым: 
7.  Қазақтың ақбас сиырының қолтұқымын шығаруға қатысқан ғалым: 
8.  Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашқан ғалым 
9.  Өсімдіктің ұрықтануын ашқан шетелдік ғалым: 
10. Фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: 
11. С.Г. Навашин: 
12. Қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 
атағын алған: 
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында: 



 
14. Халқымыздың табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттерінің бірі – 
тыйым салатын сөздер: 
15. Алматы мемлекеттік қорығының орналасқан жері: 
16. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығының орналасқан жері: 
17. Наурызым мемлекеттік қорығының орналасқан жері: 
18. Батыс Алтай қорығының орналасқан жері: 
19. Алакөл қорығының орналасқан жері: 
20. Үстірт қорығының орналасқан жері: 
21. Барсакелмес мемлекеттік қорығының орналасқан жері: 
22. Марқакөл мемлекеттік қорығының орналасқан жері: 
23. Қорғалжын мемлекеттік қорығының орналасқан жері: 
24. Өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында ұйымдыстырылған 
қорықша мен ұлттық саябақтар: 
25. Өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында ұйымдыстырылған 
қорықша мен ұлттық саябақтар саны: 
I ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕР. ЖАСУШАНЫҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ. ҰЛҒАЙТҚЫШ 
ҚҰРАЛДАР 
Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі 
ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі – жасуша. Көлемі 
кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, 
реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, 
органикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді. 
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың 
аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын 
ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет