Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған (3-сурет). Қанаттың қалақшасын түзетін
ұзын қауырсындар – қанатты қағушы қауырсындардеп аталады. Қанат үстіндегі ірі
қағушы қауырсындар денені ауада ұстайтын қалықтау бетін құрады. Құйрықтағы ірі
қауырсындар – құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға
жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар (3-сурет).
А
Б
3-сурет.А. Құстың қаңқасы. Б. Құстың қауырсын түрлері Құстың беломыртқалары, сегізкөз бен құйрықтың алдыңғы омыртқалары бір-бірімен және
жамбас сүйектері тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысады. Олар денеге, артқы
аяқтарға берік, мықты тірек болып табылады.
Сүтқоректілердің тірек-қимыл жүйесінің құрылысы қосмекенділер мен жорғалаушыларға
ұқсас. Әрине әр түрдің қозғалуы, соған байланысты тірек-қимыл жүйесінің өзіне тән
ерекшеліктері бар. Омыртқалы жануарлардың тірек-қимыл жүйелерін 4-сурет бойынша