Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


 - сурет. Жәндіктердің қозғалуы



Pdf көрінісі
бет107/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128
3 - сурет. Жәндіктердің қозғалуы 
Шаян суда құрсағын алға қаратып, оны баскөкіректің астына қарай бүгіп, қайта жазады. 
Жүзбеқанатының көмегімен суды қарпып, едәуір жылдам жүзеді. Суды қарпып, дененің 
су толқынын «іліп» ілгері жүзуіне болар-болмас қылтандары бар құрсақ аяқтары да 
көмектеседі. 
Өрмекшілердің 4 жұп, бунақденелілердің 3 жұп аяқтары бар. Аяқтары көкірек бөлімінде 
орналасады. Олар жорғалап жүру, біреуінде жүгіру, енді біреуінде жүзу, тағы бірінде 
секіру, тіпті топырақ қазу қызметін де атқарады (4-сурет). 
 
 
Айқышты өрмекші Үй өрмекшісі 


102 
 
 
 1. Жүгіру 
2. Жүзу 3. Секіру 4. Қазу 
4-сурет. Буынаяқтылар. 
Сонымен қатар өрмекшілердің орын алмастырып қозғалуына, қорегін ұстап алуына 
құрсағының ұшындағы үш жұп өрмек бездерінен бөлінетін сұйықтық арқылы тоқылатын 
өрмек те көмектеседі. Көп жағдайда жас өрмекші биіктеу бұта не ағашқа жорғалап 
шығып, өрмек безінен «жіп» шығарады да, оның ұшын ағаштың бір жеріне бекітеді. Өзі 
сол өрмек жібімен төмен салбырап тұрады. Сәл жел соққанда өрмек үзіліп шудаланады, 
желге ілесіп ұшады. Өрмекші осы өрмек шудасының көмегімен едәуір алыс жерлерге 
таралады. 
СҰРАҚТАР 
1.  Реактивті тәсілмен қозғалатын былқылдақденелілер: 
2.  Гидра қозғалады: 
3.   Шұбалшаң қозғалады:  
4.  Денесі екі бөлімнен баскөкірек және құрсақтан тұратын көп жасушалы: 
5.  Өрмекшілердің аяқ саны: 
6.  Былқылдақденелілерге жататын айқұлақ қалай қозғалады? 
7.  Бунақденелілердің аяқ санын анықтаңыз? 
8.  Қай омыртқасыз сақиналы және ұзын салалы бұлшықеттердің кезектесіп жиырылуы 
арқылы қозғалады? 
9.  Өзен шаяны қандай аяқтармен басын алға қаратып жүреді? 
10. Инеліктердің, көбелектердің қанат саны қанша? 
V ТАРАУ. ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ 
Омыртқалы жануарлардың қозғалу мүшелері жүйесімен танысуды балықтан бастайық. 
Балық суда тіршілік ететіні белгілі. Сондықтан оның су ішінде еркін қозғалуын 
қамтамасыз ететін мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген (1-сурет). 
Көптеген балықтардың дене пішіні суда жүзуге бейімделген. Бас жағы сүйірлене бітіп, 
тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Құйрығы 
жүзбеқанатпен аяқталады. Екі бүйірі сәл қысыңқы болады. Денесі сүйекті қабыршақпен 
қапталған. Әр қабыршақтың артқы жиегі келесі қабыршақтың алдыңғы жиегіне 
жапсарласа орналасады. 


103 
 
 
 
Қабыршақтардың орналасу үлгісі (табан балық) 
 
 
Алабұғының торсылдағы Сазанның торсылдағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет