Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет124/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Қосмекенділердің жүйке жүйесінің (3-сурет) құрылысы, бөлімдері жағынан балықтікімен 
бірдей, тек әр бөлімнің мөлшерінде ғана аздаған ерекшелігі болады. Мысалы, 


118 
 
қосмекенділердің біркелкі ғана қимылдауы мишықтың нашар жетілгендігінен. Бірақ 
алдыңғы миы оң және сол ми сыңарларына жіктеліп, балықтарға қарағанда ірі келеді. 
Осындай ерекшеліктеріне байланысты қосмекенділердің кейбір сезім мүшелері жақсы 
дамыған. Мысалы, көзі айналадағыны жақсы көреді. Көздің қасаң қабығы дөңес, ал терілі 
қабақтары көзді ылғал мен ластанудан қорғайды. Көз бұршағы қос дөңесті линза пішінді. 
Бақа дыбысты жақсы естиді. Құлағы дабыл жарғақшасынан, есту сүйекшелері бар 
ортаңғы құлақтан және іші сұйықтыққа толы иірілген үш түтікшелі ішкі құлақтан тұрады. 
Дыбыс жарғақшаны тербеліске келтіреді де, бұл тербеліс есту сүйегіне өтеді. Одан 
ортаңғы құлақ қуысы арқылы ішкі құлақ иірімдеріндегі сұйықты тербетеді. Дыбыс жүйке 
жүйесіне жетіп, қабылданады. Бақа (құрбақа) соған сәйкес әрекет жасап қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет