Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің



Pdf көрінісі
бет125/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің де жүйке жүйесінің бөлімдері, атаулары (4-
сурет) балықтар мен қосмекенділердікіндей. Тек кейбір бөлімдерінің күрделенуіне 
байланысты мінез-қылығы да, тіршілік әрекеттері де күрделенеді. Олардың ми бөлімдерін 
өздерің атап, әңгімелеңдер. 
Жануарлардың тіршілік әрекеттерінің мінез-құлығы күрделенуіне жекелеген мысалдар 
келтірейік. 
Австралияда тіршілік ететін жабайы қоқыс тауығы деген тауықпен туыстас құс бар. 
Жұмыртқа салуға байланысты ұя дайындау, ондағы жұмыртқаларға қолайлы жағдайлар 
жасап бақылау, ұя орналасқан жерді қору сияқты жұмыстармен қоқыс тауығының қоразы 
айналысады. 
Қораз көктемде тереңдігі 1,5 м, көлемі 2,5 м
2
 шұңқыр ін қазып, оны шөп-шаламмен 
толтырады. Алғашқы жаңбырмен үйінді ылғалданған кезде құс оның үстін майда құммен 
жабады. Осының бәріне 3,5-4 айға жуық уақыт кетеді. Қоқыс үйінді шіріп, ұяның қызуы 
тез көтеріледі. Тек тамыздың аяғында ғана қораз жұмыртқа салу үшін ұяға қоқыс 
тауықтың мекиені келеді. Ол үшін үйіндінің ортасын үңгіп, шұңқыр жасайды да, мекиен 
соған әр 4 күн сайын келіп жұмыртқалайды. Қоразы келіп ұяны ашады да, мекиені кеткен 
соң жұмыртқаларды мұқият жабады. Жұмыртқа саны 20-30-ға жеткенде мекиен қайтып 
ұяға оралмайды. Қораз ұя қасындағы бұта басында қонақтайды, әрі осы төңіректе 
қоректенеді. 
Таң қылаң бере қораздың жұмысы басталады: қоқыстың үстін жапқан құм қабатын 
тазартып, ұяның үстін ашады. Ұя іші сәл салқындаған кезде оны қайтадан құммен үйіп 
жабады. Құм қабатының қалыңдығы 30-40 см болады. Күз басталғанға дейін қораз күн 
сайын әдетін қайталайды. Осы арқылы қоқыс арасындағы, ұядағы қызуды қалыпты күйде 
(тым салқын, не тым ыстық болып кетпеуін) сақтайды. Оны қораз тұмсығымен 
анықтайды. 
Күзде күн сайын түс кезінде қораз үстіңгі құм-қоқыс қабатын сырып алып тастайды да, 
тек жұмыртқа үстіндегі 4 см ғана қалыңдықтағы қабатты қалдырады. Күннің жылуы 
ұядағы жұмыртқаны біраз қыздырғаннан кейін құс ұя үстін қайта жабады. 60 күн дегенде 
ең алғашқы салынған жұмыртқадан ширақ балапан шығады. Ол бірден үйіндіні үңгіп, 
ұяның үстіне көтеріледі де, дереу таяу жердегі бұталы тоғай, орманға жүгіре жөнеледі. 
Бұл балапан дәл сол күні кешкілікте ұшып, өздігінен қорегін таба алады. Әр жұмыртқадан 
60 күнде балапан шығады. Жұмыртқалардың бәрінің бір күнде ұяға салынбағанын да 
естен шығармаңдар. Сондықтан 20-30 жұмыртқадан балапан шыққанша едәуір уақыт 
кетеді. Ең соңғы балапан шыққан соң қораз ұяны жаңадан қайта жұмыртқа салуға 
дайындау жұмысына кіріседі. 


119 
 
 
 
 
1. Балықтың миы 2. Бақаның миы 3. Жорғалаушының миы 
 
 
Құстың миы Сүтқоректінің миы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет