Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Мінез-қылық және жүйке жүйесі



Pdf көрінісі
бет121/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128
Мінез-қылық және жүйке жүйесі 
Жануарлардың мінез-қылығы тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тіршілік әрекеті 
жануарлардың даму деңгейіне қарай күрделене түсетіні мәлім. Өзін қорекпен, жылумен, 


116 
 
ауамен, жарықпен, қамтамасыз ету, жауларынан өзін қорғау, ал ұрпағына қамқорлық 
жасайтын жануарлардың ұрпақтарын сақтап, қорғап, баулып өсіруі – өте күрделі құбылыс. 
Міне, кірпікшелі кебісше жай ғана қозғалып жүр. Ол жүрген бір тамшы судың қасына 
тамызылған тамшыны ішінде таяқша бактериялары көп тамшымен қосып едік, кірпікшелі 
кебісшелер көрші тамшыға қарай ағылып өте бастады. Бұл нені білдіреді? Кірпікшелі 
кебісшенің өзіне қажет қоректің жақын маңда бар екенін сезінетінін, тіпті оның қай жақта 
екенін дәл табатынын еске түсіріңдер. Бұл сияқты сыртқы орта жағдайларын сезіну үшін, 
оған жауап ретінде дене (жасуша) сыртындағы мыңдаған кірпікшелерді бір мезгілде 
толқытып, олардың жұмысын қажетті бағытқа денені бұрып қозғалатындай етіп үйлестіру 
үшін ерекше тетік керек. Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі (жасушасындағы) сондай 
үйлесімді сезімталдық қызметті арнайы талшықтар атқарады. Бұл талшықтар 
жасушаның (дененің) алдыңғы бөлігінен басталып, бүкіл кірпікшелерге тарамдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет