Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет14/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128
2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның 
қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. 
Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өсу кезінде гүлдің бөлімдерін, 
жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады. Өсімдіктің 
сыртындағы түктері өңнің өсіндісі. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде 
буландыруынан, зақымдануы нан қорғайды. 
Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі 
болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. 
Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп 
қабатты болады. 
Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында 
жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен 
тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Қыртыстың сыртқы 
қабаты «жыртылып» біркелкі тегіс болмай сайлы, қабыршақты кедір-бұдырлы болады. 
Мұны (емен, қарағаш, шаған) жуан ағаштардың қабығынан көруге болады. Қалың қыртыс 
ағаш діңдерін өрттен, температураның күрт ауысуынан, күн сәулесінің күйдіруінен, 
зиянды микробтардан қорғайды. Қыртыс жыл сайын тоздың пайда болған жаңа 
қабаттарынан қалыңдай береді. 


13 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет