Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет71/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   128
Көгалдандыру мерзімі 
Ағаштар мен бұталар – сәндік үшін егілетіндер және жеміс-жидек ағаштары болып 
бөлінеді. Жеміс-жидектерге: алма, алмұрт, алхоры, шабдалы, шие, жаңғақ ағаштары мен 
жүзім, қарақат, таңқурай, қарлыған бұталары (тұшала) жатады. 
Жеміс ағаштары көктем мен күзде егіледі. Көктемде топырақтың тоңы еріп жібігенде, 
күзде жапырақтарын түсіре бастағанда отырғызған жөн. Егуді көбінесе бұлтты күндері 
бастайды. Егер күн ашық болса, таңертеңгі салқында немесе кешке қарай егеді. Ағаштар 
мен бұталарды отырғызу үшін шұңқырды көктемде – егуден 5 күн бұрын, күзде 15 күн 
бұрын қазады. 
Егу үшін алынатын көшеттердің мөлшері: алма, алмұрт ағаштарының көшеттері биіктігі 
50-60 см-ден, тамырының ұзындығы 35 см-ден кем болмауы керек. Алхоры, шие, өрік, 
шабдалы ағаштарының биіктігі 40-50 см болады. Қарлыған (тұшала), қарақаттардың 2 
жылдық өркендері алынады. 
Шұңқырды қазғанда түп жағын тарылтпай, енін беткі жағымен бірдей жасайды. Үстіңгі 
жағындағы топырақты бөлек үйеді. Ағашты тігу барысында шұңқырдың түбіндегі 
топырағын қопсытады. Дәл ортасына ұзындығы 120-130 см қазық қағады. Үстіңгі 
жағынан алынып, бөлек үйілген топыраққа 2-3 шелек қарашірік, 0,8-1 кг фосфор тұзы, 0,3-
0,4 кг калий тұзын қосып, шұңқырдың түбіне үйеді. Ағашты еккен соң, топырағын 
шұңқырдың шетінен ортасына қарай тығыздап таптайды. Тамыры топыраққа әбден 
бекігенше әр түрлі қатты соққыдан сақтау үшін қазыққа байлайды. 
Таңқурайды күзде жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай 
тұрып наурыздың аяғында отырғызады. Алдымен тереңдігі 15-20 см, ені 50 см ұзын 
арықша жасайды (қатар аралығын 2 м өсімдіктің бір-біріне ара қашықтығын 0,5 м). 
Арықша ішінен 30х30 см етіп қазылған шұңқырға егеді. Жер үсті өркенінің биіктігі 25-30 
см болуы керек. 


70 
 
Қара қарақат, қарлыған (тұшала) өркендерінің биіктігі 20 см болуы тиіс. Таңқурайдағыдай 
алдымен арықша қазады. Арықшаның ішінен 30х30 см шұңқырға органикалық және 
минералды тыңайтқыштарды (200 г фосфор, 50 г калий тұзы) салады. Егіле салысымен 
суару керек. 
СҰРАҚТАР 
1.  Егу үшін алынатын көшеттердің мөлшері: 
2.  Таңқурайды отырғызады: 
3.  Қара қарақат, қарлыған (тұшала) өркендерінің биіктігі: 
4.  Күзде жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып 
наурыздың аяғында отырғызылатын қайсысы? 
5.  Неге байланысты ағаш отырғызуға белгіленген шұңқыр мөлшерін азды-көпті өзгертуге 
болады? 
6.  Жеміс ағаштарын егуді қандай күндері бастайды? 
7.  Ағашты еккен соң, тамыры топыраққа бекігенше түрлі соққылардан сақтау үшін қандай 
шара қолданады? 
8.  Бір гектар жерле өсетін ағаштар сағатына қанша көлемде көмірқышқыл газын өз бойына 
сіңіреді? 
9.  Қандай мақсатта жөке, шаған, терек, қарағай, үйеңкі, шегіршін, қарағаштар көбірек 
егіледі? 
V ТАРАУ. ЖАНУАРЛАР ТІРШІЛІГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК. ЖАНУАР 
АҒЗАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет