Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Үрмебұршақ пен бидай өскіндері



Pdf көрінісі
бет70/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
1-сурет. Үрмебұршақ пен бидай өскіндері. 
Топырақта қалатын тұқым жарнақтары жаңа дамып келе жатқан өскіндерді қорекпен 
қамтамасыз етеді. Дара жарнақты тұқымдардың өскіндерінде (жүгері, құмай, тары) бір 
немесе бірнеше (бидай мен сұлыда – 3, қарабидайда – 4, арпада – 5, 6) ұрық тамыршасы 
болады. Жер бетіне шыққан өскін біз тәрізді үшкір келеді. Алғашында сыртын жұқа 
жарғақ қаптап тұрады. Кейін жарғағы жыртылып, нағыз жасыл жапырақ дамиды. Топырақ 
бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті – өскін дейді. 
СҰРАҚТАР 
1.  Тұқымның өнуіне, бөртуіне қажет: 
2.  Жылу: 
3.  Тұқымның өнуі дегеніміз: 
4.  Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнуі үшін керек температура: 
5.  Бидай мен сұлыда ұрық тамыршасы: 


69 
 
6.  Жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер: 
7.  Таңқурай, бүлдірген, долана өсімдігінің таралу жолдары: 
8.  Өздігінен таралатын өсімдік: 
9.  Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура: 
10. Өскін: 
 
IV ТАРАУ. КӨГАЛДАНДЫРУ. АҒАШТАР МЕН БҰТАЛАРДЫ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ 
МЕРЗІМІ, ТӘСІЛДЕРІ 
Табиғат – адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі – өсімдіктер. 
Өсімдік ішсе – тамақ, кисе – киім, дем алса – ауа, саялы баспана. Көшелерге, алаңдарға, 
емдеу орындарының айналасына ағаштарды көптеп егу қажет, себебі: 
1. Күн сәулесінің қатты қыздырып жіберуінен сақтану. Күн энергиясын реттеп, бір 
қалыпқа түсіріп отыратын ағаштардан: қайың, емен, жөке, үйеңкі, көктерек, қандыағаш, 
мойыл, долана, алма ағаштары. Бұталардан: гүлшетен (сирень), тобылғы, қаражеміс, 
қарақат, үшқат, итмұрын және т. б. отырғызылады. 
2. Аңызақ желден қорғап, ауаның ылғалдылығын сақтау. әсіресе егістіктердің айналасына 
қарағаш, шегіршін ағаштарын отырғызады. 
3. Ағаштар мен бұталар ауа құрамының тазалығын сақтайды. Көмірқышқыл газын өз 
бойына сіңіреді. 
4. Қалалардың ауасы кәсіпорындардан, көліктен шығатын түтінмен, газбен ластанады. 
Ауадағы зиянды қосындылардың 13-48%-ы адамның тыныс мүшелерінде тұтылып 
қалады. 
5. Қалалардағы шу адамның жүрек соғысы мен тыныс алуын жиілетеді. Қан қысымын 
жоғарылатады. Жүйке жүйесін де жұқартып, тез қажытады. Шуды бәсеңдету үшін 
ағаштар көбірек егіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет