Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Дара жарнақты тұқымның құрылысы



Pdf көрінісі
бет69/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128
Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға 
жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. 
Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып 
бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі 
тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез 
сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің 
едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, 
май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген 
ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір 
жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). 
Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара 
жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды 
ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі 


67 
 
жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май 
қоры да өнуге жұмсалады. 
 
2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы. 
Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, 
жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара 
жарнақтылар деп аталады. 
 
СҰРАҚТАР 
1.  Дәнектің едәуір бөлігін: 
2.  Қос жарнақты өсімдік: 
3.  Дара жарнақты өсімдік: 
4.  Қоректік заттар қоры жиналады: 
5.  Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды: 
6.  Дара жарнақты өсімдіктерге жатпайды: 
7.  Ұрық тұрады: 
8.  Эндосперм жасушаларында  жиналады: 
9.  Дара жарнақты тұқымның құрлысы: 
10. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы  қандай қызмет  атқарады: 
IV ТАРАУ. ТҰҚЫМНЫҢ ӨНУІНЕ ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР. ӨСКІННІҢ ПАЙДА 
БОЛУЫ 
Кебу тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет. 
Су – тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөртуіне қажет. Тұқымның 
жасушасында суды сіңіретін крахмалды, нәруызды заттар көп. Судың сіңірілу мөлшері 
тұқымның сыртындағы қабығына байланысты. Қабығы неғұрлым тығыз, қатты болса, 


68 
 
соғұрлым су баяу сіңеді. Тұқымның ісініп жарылуына, қоректік заттарын сұйылтып, 
ерітіндіге айналуына су керек. 
Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, 
асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. 
Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С-та өнеді. 
Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы 
жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге 
айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы 
төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне 
сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр 
өседі. Тамырдан соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін 
атқарады. Дара жарнақты өскінде қосалқы тамырлар шығады (1-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет