Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Амебаның құрылысы Арцелланың құрылысы



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
Амебаның құрылысы Арцелланың құрылысы 
3-сурет. Біржасушалы жәндіктер. 
Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) 
қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың 
қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-
бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде 
тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай 
өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады. 
Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі – арцелла (3 ә-сурет). 
Арцелланың да төңкерілген тостағанша тәрізді бақалшағынан сыртқа шығатын дене бөлігі 
амеба тәрізді үнемі өзгереді. Біресе түзіліп, біресе жоғалып тұратын осы 
өсінділерді жалғанаяқтар дейді. Бұл аяқтардың пішіні өсімдік тамырына ұқсас 
болғандықтан, амеба мен арцелла тамыраяқтылар тобына біріктіріледі. 
Кірпікшелі кебісшенің (4-сурет) пішіні кебіске ұқсайды. Дене тұрқы 0,2 миллиметрдей, 
алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады. Дене пішіні тұрақты. Сыртында жалпы 
саны 2000-2500-ге жуық ұсақ, қысқа кірпікшелер шығып тұрады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет