Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Амебаның циста түзуі.  Қорытынды



Pdf көрінісі
бет86/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128
5-сурет. Амебаның циста түзуі. 
Қорытынды. Сонымен қатар біржасушалы жәндіктердің өз ішінде де аз да болса 
біртіндеп күрделену байқалады. Мысалы, амеба жалған аяқпен қозғалса, кебісшенің 
«аяғы» – тұрақты кірпікшелер; немесе, кебісшеде ауыз, жұтқыншақ сияқты тұрақты 
қоректену, асқорыту мүшелерінің бастауы бар. Ендеше, кебісшенің құрылысы күрделірек 
және дамуы жоғарырақ деңгейде екен, деп қорытуға болады. 
СҰРАҚТАР 
1.  Жарық жоқ қараңғы жерлерде жасыл түсі жойылатын біржасушалы жәндік: 
2.  Амебаның қорегін қорытатын орны: 
3.  Жасуша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық: 
4.  Біржасушалы қарапайымдар тыныс алады: 
5.  Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабықша: 
V ТАРАУ. БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ 
МАҢЫЗЫ 
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор 
маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды 
тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. 
б. су жәндіктеріне қорек болады. 
Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама бақалшақты 
біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды десеңдерші. Геологтар ондай 
шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры болатынын анықтады. Біржасушалылардың 
топырақ түзуде де рөлі бар. 
Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік 
тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі – дизентерия амебасы. 
Дизентерия амебасы (грекше: «дис» – бұзу, «ектерон» – ішек) адам мен жануарлардың 
ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайды. Осы жарадан шыққан 
қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін жүргізіп, ыстығын көтеріп, қатты ауыртады. 
Бұл ауру қантышқақ деп аталады. Ауру адамның ішегінде амеба тез көбейіп, нәжіспен 
араласқандары бірден цистаға айналады. Тәулігіне нәжіспен бірге 300 млн-дай амеба 
цистасы сыртқа шығады. Олар суды, түрлі көкөністерді және тағы басқа азық-түліктерді 
(цисталардың қалай таралатынын еске түсіріңдер) ластайды. Дизентерия амебасының 
цисталары лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай жегеннен сау адамға 
жұғады. Дер кезінде емделмесе, бұл ауруды ажалға душар етуі мүмкін. 


80 
 
 
Дизентерия амебасы (өте үлкейтілген). 
Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де, қанда бөліну 
жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді. Безгек ауруын 
қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан ашқан. Бұл паразит 
негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді. Безгек паразиті қанның бір қызыл 
түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған 
кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан әрі жалғастырады. 3-4 күн ішінде паразиттер 
орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке 
ауысады. Дәл осы сәтте безгек қайта ұстайды. 
1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды. Одан соң осы 
ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді. Олар қыстайтын 
жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар тіршілік ететін 
батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен (личинка) қоректенетін 
гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың арқасында елімізде безгек ауруының өріс 
алуына кедергі жасалуда. 
Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі – лейшмания. Бұл 
ауруды көбінесе құм шіркейлері таратады. Аурудың аты – лейшманиоз. 
Еліміздің шөл аймақтарында үлкен құмтышқан мекендейді. Осы тышқанның інінде ұсақ 
шіркейлер көп болады. Шіркей адам терісін шаққанда ауру сол жер арқылы тері астына 
түсіп, одан әрі көбейеді. Әуелі теріде бөрткен пайда болады да, ол біртіндеп жаңғақтай 
боп үлкейеді. Біраздан соң жарылып, іріңдейді. Бұл аурудан адам да көп зардап шегеді. 
«Тері лейшманиозы» деп аталатын бұл дерт дер кезінде емделмесе асқынып кетеді. 
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда қауіпті 
аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау 
керек. Ол үшін үйді, төсек-орын, киімді, ыдыс-аяқты, азық-түлікті таза ұстап, қолды 
жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын 
қарапайымдардың көбейіп, таралуына мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып 
отыру керек. 
СҰРАҚТАР 
1.  Адамның қанына безгек масасының сілекейімен түсетін паразит: 
2.  Адам мен жануарлар ішегінің сілемейлі қабықшасын зақымдайды: 
3.  Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы ашқан француз дәрігері: 
4.  Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі: 
5.  1960 жылдары жасалған безгек ауруын емдейтін дәрілер: 
V
 
ТАРАУ. КӨПЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАР. ЖАСУШАЛАР. ҰЛПАЛАР. МҮШЕЛЕР. 
МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕС 
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс 
ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30-
жылдарында жасуша теориясының негізін қалады. Содан бері жасушаны зерттеу 


81 
 
құралдары – әуелі жарық көмегімен көрсететін микроскоптың жетілдірілуі, одан соң 
электрондық микроскоптың жасалуы, физикалық және химиялық әдістердің қолданылуы 
арқасында жасушаның құрылысы мен қызметі терең зерттеліп, анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет