77
қорытылады.
Себебі қоректің қорытылып, жасушаның өз затының жасалуы осы
вакуольдің ішінде жүреді. Нәрлі зат жасуша цитоплазмасына тарап тіршілік қажетіне
жұмсалады. Ал кірпікшелі кебісше денесінің алдыңғы
жағында ортасына қарай аузы
болады. Оған қысқа түтікше тәрізді жұтқыншақ жалғасады.
Кебісшенің ауызы жасушаның
жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ғана ойық. Осы
ойық арқылы қорек жасушаға тез өтеді. Сондықтан оны жасушалық ауыз дейді. Ауыз
төңірегіндегі көптеген кірпікшелер үнемі
қозғалып, су ағынын туғызады.
Ағынмен келген
қорек ауыз арқылы жұтқыншаққа түсіп, одан цитоплазмаға өтеді.
Цитоплазмадан
асқорыту сөлі бөлініп, қоректі қоршайды. Бұдан көпіршік түрінде асқорыту вакуолі
түзіледі. Онда ас қорытылады. Вакуольдің ішінде сөлдің әсерімен қоректің күрделі
органикалық заттары (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ыдырап, жай заттар пайда болады.
Олардың ерітіндісі сорылып, қайтадан цитоплазмаға өтеді.
Мұнда жәндік жасушасының
өзіне тән нәруыз, май, көмірсулары тәрізді органикалық заттар түзіліп, ағзаның
тіршілігіне жұмсалады.
Тыныс алуы. Біржасушалы қарапайымдар суда еріген оттегімен тыныс алады. Ол
жасуша цитоплазмасына қабықша арқылы өтеді. Оттегінің әсерімен күрделі органикалық
заттар (астың қорытылуы) жай заттарға ыдырайды. Мұның нәтижесінде қуат (энергия)
бөлініп шығады. Ол ағзаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: