Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет89/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
2-сурет. Эпителий ұлпалары. а) жалпақ эпителий; ә) кірпікшелі эпителий. 
Даму деңгейіне қарай жануарлар денесін қаптайтын ұлпалардың күйі әр түрлі болады. 
Мысалы, шаян, өрмекші, бунақденелілер сияқты жәндіктердің денесі су, газ өтпейтін 
қатты жамылғы – хитинмен қапталған. Көпшілік былқылдақденелілердің денесі 
бақалшақтың ішінде орналасады. Балық, кесіртке, жылан денесі мүйізді қабыршақтармен 
қапталса, құстың терісі – қауырсынды, ал сүтқоректілердің көпшілігінің терісі түкті 
болады. 
Бездерді құрайтын эпителий ұлпалары әр түрлі заттарды бөліп шығарады. Мысалы, 
гидрада – асқорыту сөлін, сүтқоректілерде – сүт және т. б. бөледі. 
Дәнекер ұлпалары сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан, ұлпа сұйықтығын түзеді. 
Талшықты дәнекер ұлпалары ағзаның барлық мүшелерінде кездеседі (2 а-сурет). 
Сүйек ұлпасы тірек қызметін атқарады. Ал шеміршек ұлпалары буынаралық 
байланыстарға қатысып, қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет береді (3ә-сурет). 
 
 
3-сурет. Дәнекер ұлпалары. 
а) талшықты дәнекер ұлпасы; ә) шеміршек ұлпасы. 
1. Шеміршек жасушалары; 2. Шеміршек ұлпаларына серпімділік беретін, оларды қоршап 
жататын негізгі зат; 3. Ұлпа талшықтары; 4. Дәнекер ұлпа жасушалары. 
Қан мен лимфа ұлпалары – сұйық. Олардың ішінде жасушалар еркін жүреді және ағзаға 
оттегін, басқа да заттарды тасымалдап, мүшелерді өзара байланыстырады. 
Бұлшықет ұлпаларының (4-сурет) үш түрлі тобы бар. Олар: көлденең жолақты, бірыңғай 
салалы және жүрек бұлшықеттері. Бұл ұлпалар жиырылып, босаңсу арқылы әр түрлі 
мүшелерді қимыл-қозғалысқа келтіреді. Сол арқылы бүкіл дененің қимыл-қозғалысын 
қамтамасыз етеді. 


83 
 
 
4-сурет. Бұлшықет ұлпалары. 
а) көлденең жолақты бұлшықет талшықтары
ә) ұзын салалы бұлшықет талшықтары. 
1. Жасуша ядросы; 
2. Көлденең жолақтар. 
Жүйке ұлпасы – нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады (5-сурет). Әр нейронның 
денесі ұзын және қысқа өсінділері болады. Нейронның ұзын өсіндісі – аксон, ал қысқа 
өсінділері дендрит деп аталады. Нейрон денесінен қозу аксон арқылы әр түрлі мүшелерге 
(бұлшықеттерге, теріге және т. б.) өтеді. Дендрит арқылы қозу нейронның денесіне қарай 
өтеді. Аксонның көрші жатқан нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып, қозу 
өтетін жерінтоғысу (синапс) дейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет