99
3-сурет.
Құстың қанайналым жүйесі
.
4-сурет.
Иттің қанайналым жүйесі
.
Қорытынды. Сонымен, көпжасушалы жануарларда шұбалшаңнан бастап қанайналым
жүйесі болады. Қанайналым жүйесінің құрылысы жануарлардың әр түрлі топтарында
түрліше және даму деңгейіне қарай біртіндеп күрделенеді.
СҰРАҚТАР
1. Балықтың жүрегі:
2. Көмірқышқыл газы көп қан:
3. Оттегіне қаныққан қан:
4. Қосмекенділердің жүрегі:
5. Жорғалаушылардың жүрегі:
6. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі:
7. Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес
жануарларды таңдаңыз:
8. Ашық қанайналым жүйесі бар ұлудың жүрегі неше бөлімді?
9. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке
оралатын вена қантамырын не деп атайды?
10. Төменде берілген омыртқасыз жәндіктердің қайсысында тұйық қанайналым жүйесі?
V ТАРАУ. КӨПЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ. ТІРЕК-ҚИМЫЛ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Ағза үздіксіз қозғалыста тіршілік етеді. Қимыл-қозғалыстың түрі өте көп. Тіпті ұйқыда
жатқан жануарды мұқият қарап, бақыласаңдар, денесінің алуан түрлі қимылдап-қозғалып
жататынын байқайсыңдар. Жануар ағзасындағы көптеген қимыл-қозғалыстар мен
(тынысалу, қанайналымы, астың қорытылуы, т. с. с.) таныстыңдар. Жануарлар бүкіл
денесімен иіліп, бүгіліп немесе адымдап, жүгіріп орын алмастырып қозғалады. Жануарлар
мұндай қозғалыс арқылы өз тіршілігіне қауіпті жағдайлардан қорғанады (амебаның тұз
ери бастаған тамшыдан тұзы жоқ тамшыға өтуін еске түсіріңдер). Ол тіршілігіне қажетті
жағдайларды іздеп табады (кірпікшелі кебісшенің пішен бактериялары көп жиналған
жерге «жүзіп» баруы).
Достарыңызбен бөлісу: