Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Жануарлардың жылыстауы және таралуы



Pdf көрінісі
бет128/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Жануарлардың жылыстауы және таралуы 
 1-сурет. Табиғи бірлестік - біртұтас жүйе. 
Тірі ағзалардың өз түрін сақтауға деген бейімділігінің бірі – жылыстау және таралу болып 
саналады. 
Бұл бейімділік – біржасушалылардан, тіпті бір жерде бекіп, орын ауыстырып, өте аз 
қозғалатын жәндіктерден бастап жануарлардың барлық түріне тән қасиет. 
Амеба, кірпікшелі кебісше сияқты тірі ағзалар шағын тұщы сулардың бәрінде кеңінен 
таралған. Циста күйінде олар тек құрғақшылықтан тіршілігін сақтап қалмай, желмен 
ұшып немесе құс, аңның және басқа да жәндіктердің денесіне жабысып, қаншама алыс 
жерлерге таралады. Ендеше, циста олардың жылыстап, жаңа жерлерге таралуын 
қамтамасыз ететін бейімділігі деуге толық негіз бар. 
Қарапайымдардың көптеген түрлері басқа жануарлардың асқорыту жүйесінде, қанында, 
ұлпаларында паразиттік тіршілік етеді де, әр түрлі жұқпалы аурулар туғызады. Лас су 
ішуден, ластанған ауамен тыныс алудан, ауру және дені сау жануарлардың топтасып 
тіршілік етуінен бір жануардан басқаларына жұғып, одан әрі көбейіп таралады. Мысалы, 
безгек паразитінің қалай адамға жұғатынымен сендер таныстыңдар. 
Бунақденелілердің көпшілігі негізінен ересек кезінде жылыстап, таралады. Көбелек, 
көшпелі шегіртке, инелік, қоңыздардың кейбір ұшатын түрлері алыс жерлерге 


124 
 
жылыстауға бейім. Мысалы, көшпелі шегірткелер топтасып, үш тәулік бойы қонбай 2000 
шақырым қашықтыққа ұшып бара алады. Кейбір көбелектер 2-3 жетіде, ылғи түнгі 
мезгілде 5000 шақырымдай жерге ұшып жетеді. 
Дене мөлшері, салмағы шағын өсімдік бітесі сияқты бунақденелілер желдің көмегімен 
ұшып, таралады. 
Дене мөлшерінің шағын, салмағының жеңіл болуы – қоректің азаюы немесе климат 
жағдайының өзгеруі салдарынан бунақденелілердің қырылып, жойылудан сақтайтын жаңа 
жерлерге жылыстауын қамтамасыз ететін бейімділіктері екенін естен шығармау керек. 
Сонымен бірге өсімдік бітелерінің дамуында қанатсыз тобы да болады. Олар жылыстап, 
жаңа жерлерді іздестіре алмайды. Сондықтан өсімдік бітелері де өз түрін сақтай алатын, 
қанаты бар, белсенді орын ауыстыра алатын, қоршаған ортаға бейімділігі күшті 
ұрпақтарын көбейтуге тырысады. Бұл да – өсімдік бітесі түрінің сақталуын қамтамасыз 
ететін аса маңызды бейімділік қасиет. 
Қанаттарының жақсы дамуы, жүздеген, мыңдаған жұмыртқа салуы, көпшілігінің сыртқы 
ортаның алуан түрлі жағдайларына түрліше бейімделуі, дернәсіл, ересек кездерінде 
топырақ арасында, өсімдік қабығы астында, жапырақтан «үйшік-түтік жасап» жатуы, т. б. 
күрделі процестер – көптеген бунақденелілер түрлерінің сақталуын қамтамасыз ететін 
бейімділіктер. 
СҰРАҚТАР 
1.  Ұшақтар ұшатын әуе жолдарына шығып, елеулі қауіп туғызатын құстар: 
2.  2 айдай ұя басқан кезде қоректенбейтін құс: 
3.  Кез келген табиғи бірлестік: 
4.  Тірі ағзалардың өз түрін сақтауға деген бейімділігінің бірі: 
5.  Қарапайымдардың көптеген түрлерінің басқа жануарлардың асқорыту жүйесінде, қанында 
тіршілік етуі қалай аталады? 
6.  Төмендегілердің қайсысы көптеген бунақденелілер түрлерінің сақталуын қамтамасыз 
ететін бейімділіктерге жатпайды? 
7.  Радиолокатор сияқты қуатты техника қандай ағзаларға қолданылады? 
8.  Төмендегілердің қайсысы өндірушілерге жатады? 
9.  Төмендегілердің ішінен ыдыратушыларға жататынын белгілеңіз: 
10. Жануарлар қай топқа жатады? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет