Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет1/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip





 
КІРІСПЕ. ТІРІ АҒЗАЛАР, ҚАСИЕТТЕРІ, МАҢЫЗЫ 
 
Тірі ағзалардың қасиеті. Олар тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі, дамиды және зат 
алмасу жүреді. Тірі ағзалар өзін қоршаған сыртқы ортамен тығыз байланысты және оған 
бағынышты. Ағзалар айналадағы ауамен тыныс алады, суды сіңіреді, сыртқы ортаға 
көмірқышқыл газы мен оттегін бөледі. Тірі ағзалардың денесі жасушалардан тұрады, тіпті 
денесі бір ғана жасушадан тұратын түрлері бар. 
Жерде тірі ағзалардың 5-6 миллиондай түрі тіршілік етеді. ХХ ғ. 40 мыңдай 
қарапайымдар, 2 миллиондай жануар, 0,5 миллионға жуық өсімдік және 100 мыңнан астам 
саңырауқұлақ түрлеріне сипаттама берілген. 
Ғалымдар жыл сайын 2 мың бунақденелілердің жаңа түрлерін ашады; сол сияқты 
балықтардың, құрттардың, саңырауқұлақтардың тізімдері де жаңа түрлермен толығып 
жатады. Бірақ құстар мен сүтқоректілер арасында мұндай жаңалықтар өте сирек кездеседі. 
1938 жылы В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедиция Бетпақдала өңірінен тышқан 
тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан. Оның бесеуін ұстағанда бұл аса елеулі 
жаңалық болып қабылданды және оны әрі қарай зерттеуге жол ашты. 
 
Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде 
өте сирек ұшырасады. Қазақстанда ғана кездесетін, жүні майда, жібектей сусылдаған, 
қалың, құлағы түтік болып қусырылатын, алақан тәрізді жазылатын кішкене ғана аң. Ол 
көшпелі шегірткені сүйіп жейді; көбелек, қоңыз сияқты бунақденелілермен де 
қоректенеді; өте сирек болғандықтан, ол қорғауға алынған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет