Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Шегірткенің шала түрленіп дамуы



Pdf көрінісі
бет116/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

2-сурет. Шегірткенің шала түрленіп дамуы. 
Түрленіп дамудың маңызы 
Түрленіп дамитын, оның ішінде, әсіресе толық түрленіп дамитын бунақденелілердің 
табиғатта кеңінен таралып, өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек 
жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды», әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы, зауза не картоп 
қоңызының дернәсілдері топырақта тіршілік етеді, өсімдік тамырларын, жер асты 
бөліктерін жеп қоректенеді. Ал ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді. 
Сонымен қатар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан дамуының 4 сатысында да аман 
қалатын кездер болады. Мысалы, жеміс ағаштары жапырақ жайған көктем мерзімінде 
оларды бунақденелілерден және дернәсілдерінен қорғау үшін улы химикаттар себеді. Бұл 
химикаттардан жер бетінде жүрген бунақденелілер қырылады да, топырақ арасында 
жүрген немесе әлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады. Сонымен түрленіп 
даму тәсілі де – бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. 
СҰРАҚТАР 
1.  Көбелектің дернәсілін: 
2.  Дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді: 
3.  Көбелектің даму сатылары: 
4.  Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілерді: 
5.  Зауза қоңыз дернәсілінің дамуы: 
6.  Шегірткенің даму сатылары: 
7.  Толық түрленіп дамитын бунақденеліні көрсетіңіз: 
8.  Толық түрленіп дамитын бунақденелілер дегеніміз: 
9.  Зауза қоңызы дернәсілінің дамуы неше жылға созылады: 
10. Жұлдызқұрт өсімдіктің қай бөлігімен қоректенеді: 
V ТАРАУ. ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Балықтардың көпшілік түрлері мен қосмекенділердің жыныс мүшелерінің құрылысы 
ұқсас, бұлар – дара жыныстылар. Аналық ағзаның бір жұп аналық безінде уылдырық деп 
аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балық немесе бақаның ағзасында бір 
жұп аталық безінде сперматозоидтар пісіп жетіледі. Жыныс бездері жетілген соң 
балықтар (мысалы: сазан, бекіре, тұқы, т. б.) болашақ ұрпақтарының өсіп-жетілуіне 
қолайлы суға барып, уылдырықтарын шашады. Мысалы, бекіре уылдырық шашар кезде 
теңізден тұщы сулы өзенге қарай өрістейді. Олар уылдырық шашып болған соң теңізге 
қайта оралады. 
Балықтар уылдырықтарын суға жеке-жеке шашпайды. Көп жағдайда уылдырықтар бір-
бірімен сілемейлі, тығыздау шырышты зат арқылы байланысады. Ішінде жүздеген, кейде 
миллиондаған уылдырықтары бар осындай мөлдір түзілім су түбіндегі өсімдіктерге 
бекініп тұрады (1-сурет). Уылдырық шашылған жерге аталық балықтар келіп, ішінде 
сперматозоидтары бар сұйықтығын төгеді. Талшықты сперматозоидтар уылдырықтармен 
қосылып, оларды ұрықтандырады. 


110 
 
 
 
Алабұғаның уылдырығы Уылдырықтағы ұрық 
 
 
Дернәсіл Шабақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет