Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары
лимон, шай, асқабақ. 
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп 
болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан 
желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын 
тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған. 
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, 
жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы 
күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді. 
 3-сурет. Тозаңдану. 
Ұрықтану (4-сурет) – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану 
тозаңданудан кейін болады. 


61 
 
 
4-сурет. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы. 
1. Жарып көрсетілген гүлдің бөлімдері. 2. Аталық тозаңдарының аналық аузына түсуі, 
тозаңның өне бастауы. 3. Өнген тозаңның жатындағы тұқым бүршігіне енуі. Тозаң 
түтігінің ұшындағы спермийдің (ірі ядролы жасуша) тұқым бүршігіндегі аналық 
жұмыртқажасушасымен қосылуы. 4. Жеміс пен тұқымның түзілуі. 
Аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше 
шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді. 
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқажасушасы және ең ірі 
жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар. Тозаң 
түтікшесінің ұшы тұқым бүршігімен түйіскенде 2 жасушаның (спермий) біреуі 
жұмыртқажасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша (спермий) тұқым 
бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты 
ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс 
дамиды. 
СҰРАҚТАР 
1.  Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері: 
2.  Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: 
3.  Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: 
4.  Аталық  және аналық жыныс жасушаларының қосылуы: 
5.  Аталық  тозаңының аналықтың аузына түсуі: 
6.  Бір  гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі: 
7.  Бір  гүлдің  аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі: 
8.  Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен не дамиды? 
9.  Өздігінен тозаңданатын өсімдік: 
10. Берілген сипаттамалардан будақденелілер арқылы айқас тозаңдану түрін анықтаңыз 
 
IV ТАРАУ. ЖЕМІСТЕР 
Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады. 
Жемістің түзілуіне жататынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады, жеміс 


62 
 
қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі 
дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет