93
тұрады. Мұндай тері ауаны да, суда еріген оттегін де жақсы өткізеді. Қосмекенділердің
суда тіршілік ететін дернәсілдері тек желбезекпен тыныс алады.
Жорғалаушылардың терісі мүйізді қабыршақпен қапталған. Олардың тері бездері
болмайтындықтан құрғақ. Сондықтан олар тері арқылы тыныс алмайды. Өкпесінің пішіні,
жалпы құрылысы қосмекенділерге ұқсас. Дегенмен көлемі
және ауамен жанасу беті
аумақты әрі көп ұяшықты.
Құстардың өкпесі жақсы дамыған, тығыз ұяшықты өкпенің ішіне ауатамыр (бронхылар)
тарамдалған (3-сурет). Ауатамыр тармақтарының өкпемен жанасатын жерлері, бүкіл өкпе
қылтамырларымен торланған. Кейбір демтүтіктік ауатамыр тармақтары өкпеден өтіп, әр
түрлі ішкі мүшелердің аралықтарына енеді. Сөйтіп кеңейеді, ауа қапшықтарын түзеді. Бұл
қапшықтардың тарамдары түтікті сүйектердің ішіне, бұлшықеттер арасына, тері астына
дейін тарайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен 10 есе артық. Олар
құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайды, әрі салмағын жеңілдетеді. Әрине, ең
негізгі қызметі тыныс алуға қатысады.
Ұшу кезіндегі құстың тыныс алуы қанат қағысымен байланысты
бұлшықеттердің
жұмысынан байқалады, мысалы, қанат көтерілгенде құстың көкірек қуысы кеңейіп, ауа
қапшықтары созылады. Ауа өкпеден алдыңғы ауа қапшықтарына өтеді. Өкпе және артқы
ауа қапшықтары сырттан кірген ауамен толады. Қанат төмен түскенде көкірек қуысы
кішірейеді. Артқы ауа қапшықтарындағы оттегіне бай ауа өкпеге сығылып келеді.
Өкпедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады. Сөйтіп қан оттегімен екі рет қанығады.
Алғашында көкірек қуысы кеңігенде сырттан келсе, екінші мәрте көкірек қуысы
тарылғанда, артқы ауа қапшықтары нан келеді. Құстардағы
бұл құбылыс қосарлы
тынысалу деп аталады.
Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе
көпіршіктерімен аяқталады (4-сурет). Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан
сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға
арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкеттің
жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді.
Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған. Жануар әр түрлі дыбыс
шығарып, өз туыстастарына, үйіріне қауіп-қатер туралы, өзінің қай жерде екені және т. б.
туралы
хабар беріп, білдіреді.
Қорытынды. Көпжасушалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы ағзаның даму
деңгейіне, тіршілік ортасына қарай біртіндеп күрделене түседі:
– ішекқуыстыларда (гидра), құрттарда, былқылдақденелілерде газалмасу дененің сыртқы
тері жабыны арқылы жүреді;
– шаянтәрізділер желбезекпен, суда тіршілік ететін ұлулар,
өрмекшітектестер өкпе
қапшықтарымен, бунақденелілер демтүтікпен (трахея) тыныс алады;
– құрлық ұлулары өкпесі арқылы тыныс алады;
– суда тіршілік ететін омыртқалылар – балықтар және қосмекенділердің дернәсілдері
желбезек арқылы тыныс алады;
94
– құрлық омыртқалыларының (қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
тынысалу мүшесі – өкпе.
Тыныс алудың негізгі мәні – ағза оттегімен үздіксіз қамтамасыз етіліп, одан көмірқышқыл
газы үздіксіз шығарылуы, яғни газалмасу болып табылады.
СҰРАҚТАР
1. Суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі:
2. Балық желбезегі:
3. Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің реті:
4. Қосмекенділерде қосымша газ алмасу:
5. Жорғалаушылар тыныс алады:
V ТАРАУ. КӨПЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЗӘР ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ЗӘР
ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жануарлар ағзасы
айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз денеге жеткізіп,
оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті заттарды алады. Сырттан
келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды денесінен шығару да тіршілік үшін өте
қажетті процесс. Ағзада түзілетін әр түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және газ күйінде
болады.
Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы кеңірек
кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның ұшы тері жабыны
арқылы сыртқа ашылады (1-сурет).
Ұлуда зәршығару қызметін шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Оның
құрылысы күрделірек
болғанымен, ол шұбалшаңның жұлдызша түтіктеріне ұқсас.
Шұбалшаңның зәршығару жолдары Жұлдызша тәрізді түтік
Достарыңызбен бөлісу: