«Бала асырап алуға шынайы себепті анықтау» сұрақтары Аты – жөні : Бельхожаев Шынгыс Аскарбекович



Дата16.08.2022
өлшемі37 Kb.
#38160
Байланысты:
ДИАГНОСТИКА



«Бала асырап алуға шынайы себепті анықтау»
сұрақтары

Аты – жөні :____Бельхожаев Шынгыс Аскарбекович ______________________________________________________________


I.Отбасыңызға асырап алған балаңыз келді деп санаңыз
1.Өміріңіз қалай өзгереді? (күнделікті тәртібіңіз, бюджет, бос уақытыңыз т.б)
Егер мен бала асырап алсам, Ең жақсы киімді, ең тәтті тағамды сол қызыма тосамын. Себебі жетімнің көз жасын Алла ешуақытта кешірмейді.
2.Ерлі – зайыпты жұптың қарым – қатынасына бала қалай әсер етеді?
Өте дұрыс қарайды. Іштей дайындалады. Сол себепті біз жұбайымызбен ақыллдасып, 4 жасқа дейінгі қыз баланы асырап алуға шешім қабылдап отырмыз.
3.Өзіңіздің ата –анаңызбен қарым – қатынасыңызға баланың қандай әсері болмақ?
Менің анам Смайылқызы Ұлбосын 2016 жылы дүниеден өтті. Ал әкем Нұрмашұлы Асқарбек 2018 жылы дүниеден өтті. Алла рахметіне алсын.
Егер ата – анаңыз болмаса, қандай ішкі әңгіме жүрер еді араларыңызда ?
Ол жағын білмедім. Қандай әңгіме жүретінін ол кісілерде мұсылман обал сауапты білетін мейірімді жандар еді.
4.Бала сіздің басқа жақын адамдарыңыздың қарым – қатынас байланысына қалай әсер етеді?
Ешқандай кері әсер көріп тұрған жоқпын. Себебі мен отбасында 1 баламын. Және 1 қарындасым бар. Ол тұрмыста. Менен жырақта 270 км ұзақтықта тұрады. Тұрмыста 5 баласы бар. Ол мені үнемі қолдайды. Себебі бұл өмірде жалғыз бауырым сол ғана.
5.Бала өз – өзіңізге деген қатынасыңызға қандай әсері бар?
Жауапкершілікті күшейтеді. Ауыр сөйлеумеуді және өз бала шағаңнан алаламауға іштей дайындалам. Сауап жинаймын деп, күнаһар атанып кетуден қорқамын.
II.Отбасыңызға асырап алған бала келмейтін болса
1.Сіздің өміріңіз, баланың отбасына келмейтінін білдіргеннен кейін қалай өзгереді?(күнделікті өміріңізде,режим, демалыс уақытыңыз, т.б)
Ондайдан құдай сақтасын.
2.Ерлі – зайыпты қатынасыңызға осы сезіміңіз қалай әсер етеді?
Бізге өте ауыр болатын шығар. Бірақта біз соңына дейін күреміз. Мақсатымызға жетеміз.
3.Осы сезіміңіз ата – анаңыз арасындағы қарым – қатынас байланысыңызға қалай әсер етеді? Егер ата – анаңыз бұл өмірде бақилық болып кеткен болса , онда ішкі диалогыңыз араларыңызда қандай түрде болады?
Менің анам мені үнемі қолдайтын. Себебі мен анамды өте қатты жақсы көремін. Ол мен күндіз-түні тынбай еңбек етті. Суық күнде базарларда тұрды. Оқытты,үйлендірді.Үлкен үй сап берді. Ең соңында жазылмас дертке ұшырады. Ол үнемі мені қолдайды.
4.Бұл сезіміңіз басқа жақын адамдарыңызбен қарым – қатынас байласыңызға қандай әсер қалдырады (өзіңіздің туған балаларыңыз, бауырларыңыз, жақын адамдарыңыз)?
Келіседі. Балаларым өте жуас, бауырымда, жақын адамдарым өз проблемасы өздеріне жетеді.
5.Бұл сезіміңіз өзіңізге деген көз қарасыңызға қалай әсер етеді?
Өзім ойланып жүрген уақытым 2 жылдай болды. Бұл шешімге келуге аз уақыт емес. Мен дайынмын.

III.Бәрін асықпай оқып шығыңыз, әсіресе II бөлімді.
Ойланыңыз,сіздің жеке қажеттілігіңізбен отбасылық жүйеңіздің қажеттілігі баланы асырап алмайтын болсаңыз қалай болады екен?
Мен Бельхожаев Шынгыс Аскарбекович 1990 жылы туылғанмын. 2 ұлым 3 қызым бар. Жолдасым Байтуреева Ұлжан Зікірқызы мамандығы педагог. Екеуміздің жоспарлап жүргенімізге, 2 жылдай боп қалды.
Оған себеп біріншіден, мына жалған тіршілікте бір жанды мен себепті ауыр жағдайдан шықса, өмір баспалдағына қадам басып кетсе деген ниет.
Екіншіден өзім мұсылман болған соң, асыл дініміз исламда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылман адамдар тұратын үйлердің ең жақсысы жетім баққан үй деген.
Үшіншіден дана халқымыз:« Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойымызға сіңірген. 
IV.Сіз нені қазір өзіңіздің қажеттіліңізбен отбасылық жүйе қажеттілігін қанағаттандыру үшін қандай – да бір іс – әрекет жасай аласыз?

Менің отасымда әйелім және бала – шағаммен тұрамыз. Материалдық қажеттіліктеріміз жоқ. Себебі мен мұғаліммін, әйелім де мұғалім болып қызмет етеді.


Бала қабылдап алғанға дейін



Бала қабылдап алғаннан кейін


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет