Психология — адамның дара тұлғалықпсихикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.Яғни психологтар адамның ішкі жан дүниесінің емімен айналысыады.Психология өте қызықты ғылым саласы болып табылады себебі мұнда адамның іс әрекеттері мен ойларын талайды.Мен психологиямен қатты қызығамын себебі мен өзімнің психологиямды білім келеді.Менің өмірімде психология маңызды рөлді атқарады. Біріншіден бұл мені қызықтыратын сала Екіншіден бұл менің болашақ мамандығым Үшіншіден психология барлық қарым-қатынастар мен өмірімде кездеседі. Мен үшін психологияның артықшылығы – ол біздің өміріміздің барлық бөлігінде кездеседі. Мектеп, университет, жұмыс, отбасы, адамдармен қарым-қатынас, жеке тәжірибе - біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, біз қиын жағдайлардан шығуға тырысамыз және бұл бізге психология көмектеседі. Жалпы, адами қарым-қатынасты зерттеу процесі өте күрделі, өйткені әр адамның ішкі әлемі қайталанбайтын және қайталанбайтын екенін түсіну қиын. Сондықтан психология кез келген адамның өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Менің жеке өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мен мені қоршап тұрған барлық нәрсе менің санама әсер етеді деп ойлаймын. Психология маған өзімді жақсырақ зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және кәсіби өзін-өзі анықтауды түсінуге үйретеді, ең бастысы, отбасы мүшелерімен және жақын адамдарымен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, психология педагог-психолог және мұғалімдер мамандығында ерекше маңызды, өйткені бұл жерде тек ересектермен ғана емес, балалармен де байланыс болады. Педагог бірінші кезекте өзі білімді болуы тиіс, өйткені психологиялық-педагогикалық білім көп жағдайда оқушылардың білім беру дайындығының деңгейі мен сапасын анықтайды. Мұғалім оқушылармен табысты қарым-қатынас жасау үшін қиын жағдайларды шешу барысында психологиялық білім мен тәсілдерді қолдана білуі тиіс. Бірінші кезекте ол өзін-өзі басқара білуі керек, өзін басқа адамдардың орнына ойша қоя білуі(эмпатиясын түсіне білу керек).Әрине психология менің мамандығымда үлкен рөлді атқарады себебі менің болашақ мамандығым педагог-психолог.Және жоғарыда айтылған қасиеттер менің бойымда болуы тиіс.Тек сол білім мен қасиеттерді толық меңгерген кезде ғана білікті маман боламын деп санаймын.