I Ата-аналар хаттамасы Күн тәртібінде: . Оқушылардың І тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
«Как научить детей быть ответственным за свои поступки» атты тақырыбына баяндама.
Ағымдағы мәселелер
Сынып жетекшісі: Жақсылық Айым Қанатқызы Тыңдалды: 1 сұрақ бойынша Жақсылық Айым Қанатқыз сынып жетекші сөз сөйледі.
Оқушылардың I- тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп,
«жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Сабақтан тыс үйірмелер туралы сөз қозғалды. Екінші тоқсаннан бастап жаңа корпустың ашылатындғы мәлімделді. Негізгі мәселе: оқушылар санының көп болуына байланысты сыныптар жетіспеуде. Сондықтан да жаңа корпусты қолданысқа беретіні айтылды.
2. «Как научить детей быть ответственным за свои поступки» атты тақырыпта жалпы қысқаша баяндама айтып өткізілді .
Сынып сағаты «Этика-это безгранично расширенная ответственность по отношению ко всему живущему» деп А.Швейнердің сөзімен басталған болатын. Жасөспірім баланың өмірінде болатын бетбұрыстар мен өзгерістер; сыр жасыру; үлкендердің сөзің құлаққа ілмеу; сөзге келіп қалу сынды жайттар жайында сөз қозғалды. Жасөспірімдер мәселелерді шешудегі қолданатын тәсілдер жайында айтылды. Бірінші тәсіл: конструктивті. Мақсатқа жету үшін өз күшін қолдану, басқалардан көмек сұрау, әзіл, өзінөзі тәрбиелеу жатады. Екінші тәсіл: деструктивті. Өзін психологиялық қорғау, мәселеден қашу, эмоционалды ауытқулар, тәртіпке қарсы қылықтар жатады. Осы айтылып кеткен мәселелердің шешімін табу жолдары айтылып талқыланды. өз істеріне жауапкершілікпен қарауға ерекше назар қойылды.
3.Ағымдағы мәселелер жайлы жалпы ата аналарға сөз берілді. Ата-аналар өзерінің қызықтыратын сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
Ұсыныс:
Оқушылардың қызығушылығын оятқан пәндер бойынша қосымша
сабақтар өткізуге кеңес берілді.
Ата-ананың мектеппен тығыз байланысты болуын ұйымдастыру.
Сабақтан тыс үйірмелерді кешке емес, таңғы уақытқа ауыстыруға өтініш
берілді.
Сабақтан тыс уақыттағы өмір қауіпсіздігі, үйінде болуы, сабақтан қалмауы, кешкі уақыттарда сабақтан тыс кездерде бей-берекет көшеге шығармау , карантин ережелерін бұзбау жайлы ата-анасына тапсырылды.