2.Сыныптың ынтымақтастығы 1.Оқушылар ұйымшыл, тату, бір-бірімен жақсы араласады. Өз араларында бөлінбейді.
2.Мектепте және мектептен тыс уақыттарын бірге өткізеді, бірге көңіл көтерді, серуендейді. Бір-бірінің туған күндеріне шақырады.
3.Ұлдар мен қыздар жақсы қарым-қатынаста. Қиындық туса көмектеседі, ұлдар қыздарды қорғайды.
4.Оқушылар тату. Егер бір мәселе туындаса немесе ұжымдық жұмыс жасау керек болса тез жиналады. Бір-біріне көмектеседі.
5.Сыныпта жазалау жоқ.
6.Оқушылар өз сыныбының жетістіктері мен кемшіліктеріне оң көзқараспен қарайды, өз ұжымына жаны ашиды.
7.Жалпымектептік шараларда өздерін бірге кейде бөлек ұстайды. Көбінесе ұлдар мен қыздар тобы болып бөлінеді.
3. Сыныптың ұйымшылдығы 1.Ұжымдық істерді орындауда оқушылар өздері ұйымдасады. Топтарға бөлінеді. Жұмыстарды өзара бөлісіп оларды тиімді орындай алады. Егер бір оқушы бір тасырма орындаса, екінші оқушы екінші тапсырмаға кіріседі. Қалғандары оларға көмектеседі.
2.Оқушылар бір-бірін шыдамдылықпен тыңдай алмайды.Бір-бір бірінің сөзін бөліп кедергі жасайды.
3.Өкілетті адамдардың үкімдеріне бағынады. Мұғалім тапсырма орындатқызса немес тақтаға шығарса барлық айтылған бұйрықтарды орындайды.
4.Сыныптағы қоғамдық пікір 1.Оқушылар жолдастарының бірбірінің сөздерің бөлуіне разы болмайды.Себебі оларға олардың сөздерін бөлгендері ұнамайды.
2.Оқушыларды біреу кінәласа, егер кінәлі болса мойндайды. Ал егер кінәлі болмаса даттайды.
3.Сөзі мен ісінде алшақтық жоқ.
4.Сыныпта бір-біріне деген сыни көзқарас жоқ.
5.Сыныптағы шығармышылық байланыстардың сипаты 1.Оқушыларды партадағы орны, ортақ қызығушылықтары байланыстырады.
2.Оқушылар мектепте де, басқа жерлерде де тез достасады.
3.Жолдастарына ықыласты оларға көмектесуге тырысады.Егер біреу қалам немесе басқа бір затын ұмытып кетсе,олар әрдайым көмек ұшын созады. Бір тақырыпты түсінбей жатса түсіндіруге тырысады.
4.Оқушылар жолдастарына талап қоямайды.Олардың кемшіліктерін көре алады, бірақ беттеріне басып айтпайды.
Сынып белсенділері
1.Сыныпта 27 оқушы бар. 13 ұл , 14 қыз бала бар.
2.Белсенді оқушылар: Рахманов Айдос,Жанат Ақбота,Жарас Ажар,Әнуарбек Айару
3.Белсенді оқушылар әрдайым тапсырма орындауға ұмтылып тұрады. Уақытылы орындайды.
4.Белсенді оқушылар өз жолдастарына көмектеседі.
5.Белсенділер сыныптас жолдастарына жақсы қарайды.
Сынып ұжымының жалпымектептік ұжыммен байланысы
1.Сынып жалпы мектепте немесе басқа сыныптарда не болып жатқанын біледі.
Жалпымектептік тапсырмалар орындалайды.Сайыстар мен пән апталықтары, мерекелік кештерге атсалысады.
Оқушылардың басқа сыныптармен жақсы қарым-қатынаста. Бірлескен істер орындайды.