Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу мақсатында:
а) мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары - өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады; ә) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді. б) Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады. в) Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.