«Бала жасындағы невропатология» пәнін оқытудың мақсаты қандай? Невропатология (грек тілінде neuron - нерв, pathos ауру, дерт, сырқат, logos - ғылым) – жүйке жүйесінің ауруларын қарастыратын медицина ғылымының тарауы.
Невропатология жүйке жүйесінің ауруларының себептерін
(этиологиясын), аурулардың даму механизмдерін (патогенезін), орталық және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің зақымдануының симптомдарын, түрлі климаттық географиялық зоналардағы, әр түрлі жастағы адамдар мен түрлі мамандықтар арасындағы жүйке жүйесінің ауруларының таралғандығын қарастырады. Сонымен қоса невропатология жүйке жүйесі ауруларын анықтау (диагностикасын), емдеу, алдын алу (профилактикасы)
әдістері мен ауру түріне, жас ерекшелік және кәсіби ерекшеліктеріне тәуелді
арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру принципитерін (қағидаларын)
құрастырумен айналысады.
Невропатология саласына жүйке жүйесінің ішкі
мүшелердің (жүректің, тамырлардың, өкпенің, бауырдың және т.б.)
ауруларының (сырқаттарының) дамуына әсер етуін де қарастыру кіреді.