Бала өмірі кімнің қолында


«Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»КММ



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі56 Kb.
#12837
1   2
Байланысты:
Бала өмірі кімнің қолында

«Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»КММ

Дефектолог; Боранбаева Гулжан Сеилбековна

Ата-аналарға арналған нұсқау.

Тақырыбы;Баланың мектепке бейімделуі.

Мектепке бару ата-ана және балада үлкен толқулар әкеледі. Бірінші көргенде бұл толқулар абсурдты, сөз университеттің бірінші курсы туралы емес, мектептің бірінші сыныбы туралы, яғни баланы жүйелі түрде оқыту жайында. Ата-аналар бекер уайымға салынбайды – баланың күн режимінің өзгеруі, оқу бағдарламасының күрделілігі, жаңа міндеттер мен талаптар, қозғалыс белсенділігінің төмендеуі оқушылар үшін біршама қиындықтар туғызады. Мектепте оқытудың бірінші аптасы мен айларында көптеген балалардың ағзасында өзгерістер пайда болады, оларға қарап «мектеп шокы» немесе «мектеп стресі» туралы айтуға болады.

Мұндай өзгеріс себебі болып бала көтеру және босанудың жақсы өтпеуі болуы мүмкін. Босану кезінде алған травмалар, ерте жасында немесе бір жасар кезінде баланың қатты ауырған аурулары, дамудың кейбір этаптарында шектеу туғызуы мүмкін.

Баланың мектепке дайын еместігінің бір себебі баланың денсаулығының нашар болуынан болуы мүмкін, өйткені жиі ауырса ағза мүмкіндігі төмендейді, бала тез шаршайды, оқу бағдарламасына шамасы келмей қалады. Дайын еместіктің тағы бір себебі жанұяда жағдайдың жақсы болмауы: күнделікті ұрыс-керістер баланы қорқыныш сезіміне бөдейді, қадағалау жоқтығына әкеп соқтырады. Бұл көбінесе өздігінен әрекет ете алмайтын, ұяң балалар. Олар қойылатын талаптарды жөнді түсінбейді, жұмыс істеу қабілеті төмен болады. Мұндай балалар мақсатты іс-әрекетте тез шаршайды, сабақты әрең өткізеді, берілген тапсырмаға мән бере алмай, әр нәрседен қауіптенеді, ұқыпсыз болады.

Баланы мектепке дайындау ата-аналардың негізгі парызы. Балалар мектепке қоршаған орта жөнінде қарапайым болса да біліммен келулері тиіс, жануар және өсімдік патшалығы, кейбір эстетикалық және моральдық түсініктерді жақсы мен жаман, шындық пен өмірлік және т.б. айыра білулері керек. Балаларының дамуына ниет білдірген ата-аналар бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, оны шешуге тырысады.

Педагогтармен қосымша оқу, мектеп алды сыныптарға бару, әр түрлі «мектепке дайындық топтарына» жексенбілік мектептерде, оңалту орталықтарына қатысу, сонымен қатар оқыту материалдары мен көрнекіліктің көптігі, балалардың мектепке «интеллектуальды дайын» күйде келуіне ықпал жасайды. Алайда мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ осы балаларда проблемалар басталады. Бұл неліктен олай болады? Бала жақсы ойлана алатын болса да, сабақта жұмыс істей алмайтын жағдай болуы мүмкін. Мынаған көңіл бөлу керек: баланың интеллектуальды дамуынан оның мектепке дайын деп есептеу ата-ана мен мұғалімнің қателігі. Көпшілік баланың мектепке дайындығы белгісі ретінде, оның білімінің мөлшері деп есептейді. Ата-аналар бұған деген талпынысы мол.

Психологтар мен педагогтардың жүргізген жаңа зерттеулері бірінші сыныпта оқитын балаларда пайда болатын мәселелер, баланы осылайша бір жақты дайындағаннан туындайтынын көрсетеді. Шын мәнісінде баланың мектепке дайындығы тек интеллектуальды дайындық емес, тұлғалық, психикалық және физикалық дамуды талап етеді. Осы компоненттердің қайсы бірі дамымаса мектептегі балаларда әртүрлі проблемалар туындайды.

Бір жағдайда бұл оқушының тұлғалық жетілмеуінен туындайтын ерекшеліктер: балалар оқушы ретінде өз жаңа рөлдерін түсінбейді, қашан сөйлесудің және қалай сөйлеу керектігін білмейді, өзінің нашар бағаларына мұғалімге ренжиді, бастаған істі аяғына дейін әрең жеткізеді, ал қиындық туса мүлдем доғара салады. Мұндай балаларда өз тәртібіне бақылау төмендетілген. Бұл балаларға, өз орнын ұжымда табулары қиын, сол себепті оқу процесіне әрең көндігеді. Басқа жағдайда – бұл баланың денсаулығының нашарлығы. Мектепте оқытуға дайын еместігі, денсаулығы, созылмалы ауру нәтижесінде нашарлауына байланысты. Бұл аурулардың диапазоны өте кең – көп суық тиуды бастап соңғы кезде көп етек алған гипертензионды синдромға дейін. Мұның нәтижесінде балалар тез шаршайды, көп нәрсеге зейін салмайды, кеңістікте жақсы бағдарлай алмайды, мимикасы кедей болып басқа да қозғалыс аз болады, өздігінен іс-әрекет ете алмайды, т.б.

Барлық кемшілік пен дамуында мүмкіндігі шектеушіліктер мектеп білімін алуды қиындатады, олардың басқа бала мен ересектермен араласуына қиындық туғызады, ойын мен сабақтан аластатады. Көпшілік жағдайда бұл баланың туыстарының немесе бала мекемесінің персоналының мектепке баланы дайындау процесіне жетік мән бермеуінен болуы мүмкін. Кей жағдайда, ата-аналар баланы мектепке дайындағанда неге көңіл бөлу керектігін білмейді.

Көпшілік жағдайда ата-аналар баланы мектепке әкелетін уақыт жақындағанда ғана дайындай бастайды. Мектепке дейінгі период бұл бала психикасын дамуына, біліктілік, дағды, іскерлікке негіз салатын, ерекше маңызды уақыт аралығы екендігін ескерген жөн. Алайда бұл уақыт бала өмірінің бір белгілі этапы емес, ол дамудың басқа этаптарымен тығыз байланысты. Әрбір этапта белгілі бір психикалық процестер қалыптасады, олар балаға келесі жас ерекшелігі этапына өтуге мүмкіндік береді.

Әрбір психикалық процесс үшін дамудың қолайлы сәттері бар: сәби жасы үшін (туылғаннан 1 жасқа дейін) – сезіну, ерте жас үшін (1 жастан 3 жасқа дейін) сөйлеу, мектепке дейінгі (3 тен 6-7 жас) қабылдау, бастауыш мектеп оқушысы (7 ден 9-10 жас) ойлау. Егер осы уақыттардың ішінде бұл функцияның біреуі (сезіну, сөз, қабылдау және ойлау) жетілмей қалса, онда шектеу пайда болып, оның өзі келесі жас этапына өтуге қиындық жасайды. Сол үшін бала дұрыс дамуы үшін, оған туылғаннан бастап өзінің жас ерекшілігіне сай жағдай жасалуы керек.

Ата-ананың баланы мектепке оқытуға дайындау мәселесі, ерте және мектепке дейінгі жас аралығында жүргізілуі керек. Әрбір мектепке келетін баланың мектеп бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік беретін мүмкіндігі болуы шарт. Бұларға физикалық дайындық (баланың денсаулығы, белгілі қозғалыс дағдылары мен біліктіліктері); интеллектуальды дайындығы (белгілі білім, дағды біліктілік қоры), тұлғалық дайыдық (ересектерге, құрбыларға, өзіне деген қарым-қатынас).

Баланы мектепке уақытылы және жан-жақты дайындау, көптеген болуы мүмкін проблемаларды және олармен бірге жүретін тұлғалық теріс өзгерістерді (қауіптену, өзін-өзіне сенбеу, бұзақылыққа бару және т.б. ) болдырмауға мүмкіндік береді.

Қолданылған әдебиеттер.

1.Олигофренопедагогика Р.Сулейменова

2.Основы дефектологии В.Лапшин. Б.Пузанов

изд.Москва «Просвещение» 1990г.

3.Психология умственно отсталого школьника

С.Рубинштейн изд.Москва «Просвещение» 1986г.

4.Логопедия Л.Волковой изд.Москва «Просвещение» 1989г.



5.Дефектология №3 2000г,№5 2002г,№2 2004.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет