Бала психологиясы-баланың психологиялық даму ерекшеліктері туралы ғылым Бала психологиясы



Дата03.11.2022
өлшемі203,19 Kb.
#47195
Байланысты:
психология (2)


Бала психологиясы-баланың психологиялық даму ерекшеліктері туралы ғылым

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. 

  • Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. 

Баланың психикалық дамуына ықпал ететін факторларды анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтарын анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылықтарының себептерін іздестіру
Баланың әрбір жас кезеңдерінде жаңа психикалық құрылымдардың пайда болуын зерттеу
Балалар психологиясының пәні
Баланың тұлғарық психикалық даму заңдылықтарын зерттейді
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының құрылымы
Нәрестелік кезең (1-2 айдан бір жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан- 6 жасқа дейін)
Ерте сәбилік шақ(1жастан -3жасқа дейін)
Жаңа туған бала (туған сәттен1-2 айға дейін)
Мектеп
жасына дейінгі баланың психикалық дамуының негізгі механизмі
Әлеуметтік әрекеттің тарихи қалыптасқан формалары
Әлеуметтік әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері
Әлеуметтік-тарихи тәжірибені мектеп жасына дейінгі балалар алдымен отбасында, одан кейін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде игереді.
Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді: 1) биогенетикалық; 2) социогенетикалық. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей,сол пәннің қол астында болып келеді.Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп,соның бір атауына айналды.Бұған түрткі болған себептер мыналар:Ч.Дарвин (1809-1882)негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңдылығы;осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының өріс алуы (Г.Гельмгольц),жүйке жүйесі жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И.М.Сеченов).Мұнымен қатар,жас психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына,бірншіден,әсер еткен балаға туғандардың күнделіктер жазып,соған талдау беруі;екіншіден,балалар психологиясын зерттеуде эксперименттер тәсілдерін кеңінен қолдануы әсер етті.

  • ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей,сол пәннің қол астында болып келеді.Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп,соның бір атауына айналды.Бұған түрткі болған себептер мыналар:Ч.Дарвин (1809-1882)негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңдылығы;осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының өріс алуы (Г.Гельмгольц),жүйке жүйесі жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И.М.Сеченов).Мұнымен қатар,жас психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына,бірншіден,әсер еткен балаға туғандардың күнделіктер жазып,соған талдау беруі;екіншіден,балалар психологиясын зерттеуде эксперименттер тәсілдерін кеңінен қолдануы әсер етті.

Бейнематериал:https://youtu.be/TUt2StV182Y

  • Бейнематериал:https://youtu.be/TUt2StV182Y


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет