Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ашуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі — тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтын сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму дәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: *Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан А.Валлон көзқарасы. Сәбилік кезенде бала шын мәніңде жаңалық ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ па — ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай «керемет» қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер сәби кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму. Тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды. Валлонның ұғындыруынша сәби логикалық пайымдау және белгі мен мағына арасындағы байланысты танудан бұрын затпен ойнаудың жаңа тәсілін, олар-мен айналысудың тын. әдісін аша біледі. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар — сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.Дарвин назар аударған екінші бір ерекшелік баланың дербестік тіліндегі сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын Дарвин мысалдарынан оқулықтарда келтірілген үзінділер арқылы берілген. Бірде оның немересі суда жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін, оны «уа» деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі көрген кезде щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілгсн сүтті де, сусындарды да, стақандардағы шырындарды да, тіпті бөтелкедегі сүтті де сол дыбыспен атаған. Сірә, бөтелкеде су, сұйық зат болған сок бұл дыбысты соларға танған болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі салынған ескі қара бақыр тиынмен ойнап жүреді. Бір кезде оны да «уа» деп атай бастайды. Мұңдай ұғым тұтас бір көріністі біддіреді. Сәби бастапқы ұғымнан басқа бір ұғымдарға көшеді. Судың әсерінен көлшіктер, әр түрлі сұйықтар, ең соңында бөтелкені де солай атай бастайды. үйректің әсерінен бүркіт бейнесі бар тиын, ал онын әсерінен түйме, медаль т.б. нәрселер де солай аталды. «Пу-фу» дербестік сөзінің мағынасы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол йод құйылған бөтелкені, йодты ысқырық арқылы дыбыс шығару, темекі тартушыдан шығатын түтін, оны өшірудың бәрі мағынасы жағынан бала үшін бірдей. Сонымен баланың айтқан бір сөзінің өзі талай мағыналы екенін көрсетеді. Бұл сөздер мағына жағынан біздің сөздерімізбен үйлеспейді және олардың біреуі де біздің тілімізге аударылмайды.Осыдан баланың дербестік тілінін үшінші ерекшелігі келіп шығады, оны Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің дыбыстық және ұғымдык жағынан біздің тілімізден айырмашылығы болса, онда осы тілдің көмегімен қатынас жасаудың да өзіндік айырмашылығы болуға тиіс. Сәби сөздерінің мағынасын оның маңындары жақын адамдары ғана түсінуі мүмкін. Бұған Дарвиннің немересімен жүргізген бақылауы дәлел. Сөйтіп баланың қатынас жасау мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді. Неміс авторлары бала сөйлеуіндегі мұндай сипатта жақтырмай, оны асыраушының не күтушінің тілі деп атады. Оның мәнісі бұл тілді тек сәбиді тәрбиелеуші адамдар ғана түсінеді деген сөз. Ересектер баланың сөйлеуіне ыңғайлануға тырысып, кәдімгі сөзді қалпынан бұзып сөйлеуге жол береді және ол сәбиге солай ықпал етеді. Егер күтуші ауырады деген сөздіқ орынан «ау-а» десе, біз баламен тілдескен ересектердің тілді бұзып сөйлегенін байқаймыз. Ересектер балаға қатысты біз әрқашанда мынадай қателікке жол береміз: бала кішкентай болғаңдықтан бізге бала үшін заттардың бәрі шашн болып көрінуге тиіс сияқты Сондықтан жас сәбилерге көк тіреген биік үйді нұсқап «үйшік» немесе ірі жылқыны көрсетіп «мынау құлыншақ» дейді. Дұрысында балаға әрбір нәрсенің өз аты мен түр-сипатын атап үйреткен дұрыс болмақ. Ал бұзып сөйлеу біздің өмірімізде кең орын алған, бірақ баланың бүкіл дәрбестік тілі ғой деп санап, асыраушы мен күтушінің тілді бұрмалал сөйлеуі пайдалы емес. Бала ересектердің йлеуімен сәйкес келмейтін ‘сөз жұрнақтары мен мағына жұрнақтарын біздің айтуымызбен дыбыстарды айқын игеруден бұрын меңгереді.Біз бала сөзінің мағынасын оның нақтылы жағдаймен ұшырасқан кезінде ғана түсінеміз. Егер сәбидің «уа» дегені түймені,’мені, сүтті, судағы үйректі, бақыр тиынды білдірсе, ал енді ол бақта серуендеп жүргенде «уа» дей айқайласа, онда біз оның мені көлшікке ертіп бар дегенін түсінеміз. Егер ол бөлмеде жүргенде «уа» десе, онда оның түймемен ойнағысы келгені.Бұл жағдайда бала нақтылы нәрсемен қарым-қатынаста болады. Ол затпен тікелей кездескенде ғана сөз қолдануы мүмкін. Егер зат оның көз алдында болса, онда оның сөзі де бізге түсінікті болады.Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі — сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.Яғни біз, баланың дербестік тілін үшінші ерекшелігі деп таптық, онда қарым-қатынас туралы айтылады, бірақ ол басқа түрдегі, өзге сипаттағы қарым-қатынас екендігіне көзіміз жетеді. Сайып келгенде баланың дербестігін тіліндегі ерекшеліктердің ішінен олардың сөйлеу тлі грамматикалық нор.мадан ауытқығандығын байқаймыз. Балалардың сөйлеу ерекшелігінде маңызды мәселенің бірі болып саналатын олардың сөйлем құрауы тілдің синтаксистік және этимологиялық заңдарына байланысты түрде дамып отыратындығы мәлім. Алайда сәбилік кезеңде баланың сөйлеуінде мұндай заңдылықтар жайында сөз қозғау асыра сілтеу болар еді. Сәбилердің сөйлеу ерекшеліктерінің кейбір жақтары біздерді ашу-ыза қысқанда аффектік жағдайға ұшыраған кездегі жүйесіз, үзіп-жұлқып айтқан сөздеріміз сияқты болады.Міне, біз баланың дербес тітін зерттегенде кездесетін түрлі ерекшеліктер осылар. Тұңғыш рет өз немересінің тілінің шығуын зерттеген, Дарвин бұл мәселені нақты әрі дұрыс түсіне білген деп есептеймін. Бірак Дарвиннін бақылау нәтижелері дер кезінде шын мәнінде бағаланып, жете түсіндірілген жоқ. Оның бақылауынан көптеген мысалдар келтіріп, цитаталар алынса да, бала тілінің даму ерекшелігі туралы айтылған пікірлерін ешкім дұрыс қорытып, түсіндіре алмады. Сондықтан баланың дербестік тілінің дамуы жайындағы Дарвиннін ілімі өрістемей тұншығып қалды. Дегенмен бірқатар авторлар баланың алғашқы сөздерін жазып алып, тексеріп көргең кезде дербестік сипатгарьша қатысты материалдарды көптеп жинақтады. Істің мәні бала тілінін дамуында ерекше кезең болатынына ешкім жете түсіне бермейді. Белгілі неміс ғалымы К.Штумфтың байқау нәткжелері бойынша бұл мәселенін одан әрі зерттеу жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып келе жатқан баласын бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен 1 және 2 сөйлегенімен әдетгегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде жауап берді. Бұл кемелденен тіл болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен құрылысының күрделі жағын басынан кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі неміс тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік еді. Мұның өзі сәбидің дербестік тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше жыл бойы кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт. Баланың өзіндік тілінің әдеттегі сөйлеу тілінен тағы бір ерекшелігі — сөздердің жеке мағыналары арасындағы қатынас. Баланың сөздерді жекелеген сөздердің мағыналык қатынастары белгілі жүйемен дамытып отырудың маңызы ерекше, тәжірибелік-дефекгология институтының (ЭДИ) тіл клиникасындағы бір кезде үстел, орыңдық, шкаф деген сөздерді білетін, бірақ мебелі деген сөзді білмейтін сәби болды, Мебель сөзі үстел, шкаф деген сөздердін жинақы мағынасы. Бұл ұғым. Баланын дербестік тілінің жоғары сатыға көтеріліп, топтастыра алмау себебі оның жекелеген сөздердің мағыналары арасындағы жалпы ерешелікті аңғарып біле алмауы. Жалпылық қатынас дегенмізі не? Біз мебель мен орындық деген сөздердің мағыналық қатынасын жалпылап қатынас деп атаймыз. Оның біреуі жалпы ұғым, екіншісі — жалқы ұғым. Үстел мен орындық арасындағы қатынас бір-біріне бағынышты емес, бұл қатьшас біртекті қатар ұғымдар, баланың дербестік тілінде жалпылық және даралық қатынас болмайды. Сәбидің сөздігінен мынаны көреміз: Оның тілінде біріне-бірі қатысты не жалпы сөздерден емес, өзара катар жатқан тек сөздерден құралады. Бұл сәби тілінің дамуындағы психологиялық және табиғи заңдылық. Баланың дербестік тіліндегі сөз мағынасы тұрақсыз. Ол жағдайдын өзгеруіне сәйкес құбылмалы болып отырады. Женя деген бала — 5 жыл 6 ай — еститін, бірақ тілі.кеш шыққан және дербес дамуы қиын балалар тобына жатады. Оның анасы клиникаға келіп, сәби тілі дұрыс дамымай отырғандығын және басқалардың тілін нашар түсінетіндігін айтып шағынды. Әдетте тілі нашар дамыған деп дербестік тілін пайдаланатын балалар жайында да айтылады. Бала сөйлеуінде түрлі зақымға ұшыраған себептерін анықтай отырып, оның дербестік сөйлеуі өзгелермен қарым- қатынас жасауына қиындық тудыратынын да ескеру керек болады. Бала сөзінің сезімдік-әсерлік мазмұнын қалай түсіну ерек? Оның мәнін бала тіліндегі айтылған сөздер біздің таңдану, сезімдік үн қатуымыз мағынасында болады. Осындай ерекшеліктер көңіл-күйі мен ерік-жігер арқылы айқын көрінеді.Мен мұндай сұрақтарға былай деп жауап берер едім; «ішкі табиғат» — баланың дербестік тілінің мәні — біздікі болуы да, болмауы да мүмкін, сөздік қатынас пен сөзсіз қатынас арасында өтпелі құрылым ретіндегі оның барлық ерекшелігі де осында. Оның біздікі болуы қалай және одан не туындайды? Оның біздің тіліміз екендігіне дау жок, сондықтан бұған тоқталмаса да болады. Ал оның біздікі емес екендігін айтудың маңызы әлдеқайда зор. Менің ойымша, ол сөздің дыбысталу жағынан да, мағынасы жағынан да біздің сөзге ұқсамайтындықтан ғана біздікі болмай отырған жоқ, сонымен қатар оның менің терең ұғыну тұрғысынан да ол біздікі болмай шығады: оның құрылымы біздің тілге қарағанда мүлдем басқаша, өйткені онда ешқашан тұрақты мағына болған емес. Енді дәл осыған ұқсас мысал келтіріп көрейік. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан із-дестіру — бұл мәселенің өзегі.Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз