-өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
-отбасы-болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы;
- отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы.
–отбасы болашақ жас азаматтың денесінің жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпыадамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
— қоғамның, ата-ананың тәрбиесінің әсері туралы түсінік беру;
—ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру;
— махаббат, достық, адамдық туралы түсінік беру;
— мәдениетті тұлға туралы түсінік беру;
— мейірімділік, кішіпейілділік, еңбекқорлық қасиеттері мен өзімшілдік, менменшілдік, қырсықтық, қыңырлық, дүниеқорлық сияқты жаман қасиеттерін ажырата білуге баулу;
— халқымызға тән туыстық, қатынастар (жеті ата, үш жұрт) туралы түсінік беру.