Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты 9 күнге оқшаулау.
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді.
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
|
Жұқпаның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді
|
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау.
| |
4. Хлорлы режимді ұйымдастыру.
| |
5. Науқастың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет.
Тағам:
механикалық тұрғыда жеңіл;
Қышқыл шырындарды түтік арқылы ішкен дұрыс, себебі құлақ маңы безінің өзегін тітіркендіреді.
|
Эпид. паротитте құлақ маңы безі қабынғандықтан тамақты шайнағанда, жұтынғанда ауырады
Тез сіңетін тағамдар ұйқы безіне салмақ түсірмейді, панкретит дамуының алдын алады
Сілекей бездерінің жұмысын жеңілдету үшін (түтікпен ішу құлақ маңы безінің өзегін тітіркендірмейді).
|
6. Ауыз қуысының күтімін жүргізу.
|
Ауырған кезде сілекейдің бөлінуі азаяды.
Құлақ маңы безінің өзегі қабынады.
Стоматит дамуы мүмкін.
|
7. Аурудың жедел кезінде төсек режимі сақталу қажет. Ол науқас жағдайы жақсара бастаса кеңейтіледі.
|
Физикалық күш түссе, панкретит, орхит даму мүмкіндігі көбейеді.
|
8. Орхит болған жағдайда суспензориялық таңғыш тағу қажет.
| |