Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары



бет73/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Балалар аурулары Балаларды физикалы дамуы. Денсаулы топтары

Бақылау тапсырмалары

І. Тест сұрақтары

Полиомиелит

1. Полиомиелиттің негізгі белгісі:



  1. Құрысу

  2. Бөртпелердің шығуы

  3. Парез, паралич

  4. Баспа

  5. Терінің түлеуі

2. Полиомиелиттің негізгі таралу жолы:

А) Ауа - тамшы

В) Нәжіс - ауыз

С) Трансплацентарлық

D) Парентеральдық

E) Жұқпайды

3. Полиомиелит вакцинасы беріледі:

А) Тері ішіне

В) Тері астына

С) Бұлшық етке

D) Көк тамырға

E) Ауызға

4. Полиомиелитте карантин:

А) 7 күн


В) 14 күн

С) 21 күн

D) 20 күн

E) 5 күн


5. Полиомиелитпен ауырған балалардың диетасында:

А) Аллергендердің болмауы тиіс

В) Тұз, суды азайту керек

С) «В» дәруменіне бай

D) Кальцийге бай тағамдарды бермеу

E) Ақуызға бай тағамдарды бермеу


Ішек жұқпалы аурулары, гепатит

1. Вирустық гепатит В, С, Д – ның таралу жолы:



    1. Парентеральдық

    2. Нәжіс – ауыз

    3. Ауа – тамшы

    4. Су арқылы

    5. Тамақ арқылы

2. Вирустық гепатит А, Е – нің жасырын кезеңі:

    1. 10 - 45 күн

    2. 7 күн

    3. 60 -180 күн

    4. 5 күн

    5. 3 жылға дейін

3. Эксикозда баланың үлкен еңбегі:

    1. Түсіп кетеді

    2. Кернейді

    3. Сүйектер деңгейімен бірдей

    4. Ісінеді

    5. Өзгеріс болмайды

4. Вирустық гепатит А және В - нің негізгі таралу жолы:

А) Парентеральдық

В) Нәжіс-ауыз

С) Ауа-тамшы

D) Трансплацентарлық жол

E) Жұқпалы емес

5. Дизентерияға тән:

А) Тенезм

В) Тризм

С) Гнейс


D) Себорея

E) Асфиксия

6. Дизентерия қоздырғыштары:

А) Энтеровирустар

В) Сальмонелалар

С) Шигеллалар

D) Эшерихий

E) Стафилакокк

7. Нәжіс -ауыз жолы арқылы таралатын аурулардың алдын - алу үшін жүргізілмейді:

А) Қоршаған ортаны таза сақтау

В) Күнделікті дезинфекция жасау

С) Жеке бас гигиенасын сақтау

D) Шыбын, тарақандарды жою

E) Бетперде режимін сақтау

8. Несеп түсінің өзгеруі вирустық гепатиттің қай кезеңіне тән:


  1. Сарғаю алды кезеңіне

  2. Дер кезеңіне

  3. Сарғаю кезеңінен кейін

  4. Жазылу кезеңінде

  5. Несеп түсі өзгермейді

9. Сальмонеллезде карантин:

  1. 3 күн

  2. 7 күн

  3. 10 күн

  4. 17 күн

  5. 21 күн

10. Ауыз регидратациясында қолданылатын препараттар:

  1. Реополиглюкин

  2. Регидрон

  3. Рингер

  4. Гемодез

  5. Глюкоза

11. Вирустық гепатитпен қарым- қатынаста болған балалардың қанынан тексеріледі:

  1. Қан жасушалары

  2. Билирубин

  3. Трансаминаза

  4. Холестерин

  5. Белок

12. Эксикоздың III - дәрежесінде жүргізілетін негізгі ем:

  1. Оральдық регидратация

  2. Сұйықтықты көктамырға тамшылатып жіберу

  3. Димедрол, супрастин

  4. Спазмолитиктер

  5. Фитотерапия

13. Вирустық гепатит туралы бұйрық:

  1. № 741 19.12.07 ж

  2. № 466 27.07.07 ж

  3. № 684 26.12.08 ж

  4. № 476 23.04.02 ж

  5. № 270 26.06.95 ж

14. Терінің сарғаюы, несептің қоюлануы, нәжістің ағаруы тән:

  1. Сальмонеллезге

  2. Дизентерияға

  3. Қан ауруларына

  4. Гепатитке

  5. Пневмонияға

15. Эксикоздың I - дәрежесінде жүргізілетін негізгі ем:

  1. Оральдық регидратация

  2. Сұйықтарды көктамырға тамшылатып жіберу

  3. Димедрол, супрастин

  4. Спазмолитиктер

  5. Фитотерапия

Тест сұрақтарының жауаптары:

Полиомиелит:1 – С; 2 – В; 3- Е; 4 – D; 5 – Е; 6 – С.

Ішек жұқпалы аурулары, гепатит: 1 - А; 2 - А; 3 - А; 4 - В; 5 - А; 6 - С; 7 - Е; 8 - А;

9 - В; 10 - В; 11 - С; 12 - В; 13 - С; 14 - D; 15 – А.
ІІ. Сұрақтардың сәйкес жауаптарын табу.

Вирустық гепатиттің түріне байланысты сәйкестігін тап:



Ауру

Симптомдары

1.Парентеральдық гепатиттер

2. Жұқпалы гепатит



  1. ересек балалар жиі ауырады

  2. 1 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады

  3. жасырын кезең 60 – 180 күн

  4. тез сарғаю және сарғаюдың тез кетуі

  5. гепатиттің созылмалы түрге ауысуы

  6. парентеральдық жолмен беріледі

  7. нәжіс – ауыз арқылы беріледі

  8. бауыр комасы тез дамиды

  9. барлық кезеңі ұзаққа созылады

Жауабы: 1 – B, C, E, F, H, I. 2 – A, D, G
Ауруға байланысты клиникалық белгілердің сәйкестігін тап:

Ауру

Симптомдары

1. Коли - инфекция

2. Дизентерия

3. Сальмонеллез

4. Вирустық гепатит



    1. тері шырышты қабықтардың сарғаюы

    2. сарғыш түсті нәжіс, су тәрізді, қорытылмаған тамақтармен

    3. «батпақ жалбызы» тәрізді көпіршікті нәжіс

    4. анустың ашылып тұруы

    5. нәжістің түссізденуі

    6. тенезм

    7. «ректальдық түкірік» тәрізді нәжіс

    8. несеп түсінің қоңыр болуы

Жауабы: 1 – B; 2 –D, F, G; 3 –C; 4 –A, E, H.
ІІІ. Сұрақтарға жауап беру:

1. Эксикоз деген не, ол қалай білінеді?

2. Оральдық регидратацияның жүргізу кезеңдерін ата:

3. Полиомиелит ауруы кезінде негізгі күтімді ұйымдастырудағы қағидалар қандай?

4. «В» гепатитінің арнайы алдын алу мерзімдері қашан жүргізіледі?

IV. Жағдаяттық есептерді шығару.

Жағдаяттық есеп № 1

Сіз жұқпалы ауруханада бөлме медбикесі болып жұмыс істейсіз. 2 жастағы бала дизентериямен түсті. Салмағы 12 кг. Балада эксикоздың І – дәрежесі бар. Сізге оральдық регидратация өткізу тапсырылды.

1. Оральдық регидратацияны жүргізу жоспарын жасаңыз.

2. Қажеттіліктің бұзылысын көрсетіңіз.



3. «Тенезмге байланысты тік ішектің түсіп кетуі мүмкін» мәселесін шешу мақсатына жету үшін мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдерін ұйымдастырыңыз.
1 – есептің жауабы:

1. Оральдық регидратацияны жүргізу жоспары:

  • Алғашқы регидратацияны үшін регидрон мөлшерін есептеу: 50 х 12 = 600 мл

  • Бөлме температурасына дейін салқындатылған 1 литр қайнаған суға 1 қорап регидронды араластыр.

  • Мөлшерлі ыдысқа 600 мл регидронды құйып, балаға шәй қасықпен 4 сағат ішінде беріледі. Осы уақыт аралығында баладан кеткен сұйық мөлшерін есеп жүргізеді.

  • 4 сағаттан кейін баланың жағдайын бағалайды. 3 түрі болуы мүмкін:

  • эксикоз өршуі мүмкін, ерітіндіні дәрігердің нұсқауымен көктамырдан енгізуге көшіріледі;

  • эксикоз азаяды, бірақ әлде де бар – І – кезеңді қайталау қажет;

  • эксикоз жоғалады – қолдаушы регидратацияға көшіріледі, яғни келесі 4 сағатта алдыңғы 4 сағат ішінде жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері беріледі. Ағзадан кетіп жатқан сұйықты есепке алады. Қолдаушы регидратация құсу мен іш өту тоқтағанға дейін жүргізіледі.

2. Қажеттілікті қанағаттандырудың бұзылуы:

Қажеттілік

Бұзылысты белгілеу

1. Қалыпты тыныс алу

N

2. Қалыпты тамақтану

2 жаста, дизентерия, эксикоз І дәрежесі

3.Физиологиялық бөлінділер

Жиі іші өтеді

4.Ұйқы

N

5. Қимыл

N

6. Киімі, жеке бас гигиенасы

2 жаста, дизентерия, эксикоз І дәрежесі

7.Дене Т˚

N

8.Ортаның қауіпсіздігі (балаға төнген қауіптілікті көрсет)

N

9. Адаммен араласуы

Жұғуы мүмкін

10. Еңбек, демалу

Оқшаулау

3. «Тенезмге байланысты тік ішектің түсіп кетуі мүмкін» мәселесін шешу мақсатына жету үшін мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалуы:

МА мақсаты

МА жоспары

МА орындалуы

Тік ішектің түсіп кетуі

1. Анасына тік ішектің түсіп кетуі мүмкін екенін ескерту қажет.
2. Тік ішекке салмақ түсірмеу керек.

  • Анасына тік ішектің АФЕ – рін, дизентерияның белгісі – тенезм туралы, тік ішектің кілегей қабығының түсіп кетуіне бейім екеніне түсінік беру.

  • Бала горшокта 5 минуттан артық отырмауы тиіс.

  • Горшокта отырған кезде балаға ойыншық, кітап бермеу керек.

  • Күшеніп отырғызбау қажет, күшенсе горшоктан алу керек.


Жағдаяттық есеп № 2

2 жастағы бала жұқпалы аурулар бөліміне «Вирусты гепатит» диагнозымен жатқызылды. Сіз емханада медбике болып жұмыс істейсіз. Сізге ошақта карантин шараларын өткізу тапсырылды. Науқас балалар ұжымына қатыспайды.

1. Карантин шараларын жүргізудегі мақсат не?

2. Мақсатқа жету үшін мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдерін ұйымдастыр.

2– есептің жауабы:

1. Карантин шараларын жүргізудегі мақсат: вирусты гепатит ауруының таралуына жол бермеу.

2. Мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдері:

Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған вирусты гепатит ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау




2.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазу).

  • Қатынаста болғандарды 35 күн бақылау (термометрия, тері және склераны тексереді, улану белгілерінің пайда болуын, несеп пен нәжістің түсін қадағалайды.

  • Қаннан трансаминазаның мөлшерін анықтайды.

  • Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:

  • теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;

  • трансаминазаның мөлшері артса – дәрігер жолдамасымен ауруханаға жатқызылады.

3.Жұқпаның таралуына жол бермеу керек:

а) нәжіс – ауыз жолы


б). Парентеральдық жол
в) жыныстық жол

  • Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін үйіне қорытынды тазалау жұмыстары жүргізіледі.

  • Үйінде хлорлы режим ұйымдастырып, оның орындалуын қадағалау қажет.

  • Іс – шараларды бір рет қолданылатын құрал – саймандармен жүргізу.

  • вирусты гепатиттердің жыныстық жолмен де жұғатынын ескерту керек.

4.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Күн режимін қатаң сақтау

  • Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.

  • Дәрігердің нұсқауымен вирусты гепатитке қарсы иммунизация жүргізу.


Жағдаяттық есеп №3

Ауруханада полиомиелитпен жатқан 6 жастағы баланың бұлшық еттері ауырады, аяқ бұлшық еттерінің гипотониясы байқалады. Науқас жүре алмайды, мазасыз, ашуланшақ.

Баланың анасы қайғырып, жылай береді.

1. Қажеттіліктің бұзылысын көрсетіңіз.

2. Шешілуі тиіс мәселелер.

3. «Баласының ауруына байланысты анасының қайғырып, жылайды» мәселесін шешу мақсатына жету үшін мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдерін ұйымдастырыңыз.

3– есептің жауабы:

Қажеттілікті қанағаттандырудың бұзылуы:



Қажеттілік

Бұзылысты белгілеу

1. Қалыпты тыныс алу

N

2. Қалыпты тамақтану

Полиомиелит

3.Физиологиялық бөлінділер

N

4.Ұйқы

N

5. Қимыл

Бұлшық еттері ауырады, бұлшық ет гипотониясы, жүре алмайды.

6. Киімі, жеке бас гигиенасы

Жүре алмайды.

7.Дене Т˚

N

8.Ортаның қауіпсіздігі (балаға төнген қауіптілікті көрсет)




9. Адаммен араласуы

Жұғуы мүмкін, мазасыз, ашушаң, анасы күйініп, жылайды.

10. Еңбек, демалу

Оқшаулау

2. Мәселелер:

  • бала диета сақтау керек;

  • аяқ бұлшық еттері әлсіз, әрі ауырғандықтан, бала жүре алмайды;

  • бала мазасыз, ашушаң

  • баладан ауру жұғуы мүмкін;

  • анасы күйініп, жылайды;

  • оқшауланған.

3. «Баласының ауруына байланысты анасының қайғырып, жылайды» мәселесін шешу мақсатына жету үшін мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдері:

МА мақсаты

МА жоспары

МА орындалуы

Анасы сырттай ұстамды көрініп, баласының күтіміне көмектеседі

1.Анасына ауру туралы түсінік беру керек.
2. Анасына бала күтімін үйрету.

3.Тумаларымен әңгімелесу



  • Анасына полиомиелитте жүйке жүйесінің зақымданатынын, парез, паралич дамитынын, бірақ емді уақытында бастап, күтімі жақсы болса, қол – аяқ бұлшық еттерінің қимылы қалпына келетінін түсіндіру қажет. Қалпына келу мерзімі 3 – 6 ай.

  • Баласына күш беріп, аурудан жазылылатынына сенімін арттыру үшін анасы сырттай ұстамды көріну керек.

  • Бұлшық еттердің ауырғанын басу және контрактуралардың алдын алу мақсатында қол – аяқтардың физиологиялық орналасу қалпын сақтауды үйрету қажет.

  • Науқастың өзін – өзі күтудегі жетіспеушілікті анықтап, оған қажет көмектесу шараларының жоспарын құру.

  • Тыныс алу бұлшық еттерінің гипотониясының алдын алу үшін шарларды үргізуді ұйымдастыру.

  • Төсек режиміндегі баланың бос уақытын тиімді пайдалануды анасына тапсыру (қызықты кітаптарды оқыту, үстел үстіндегі ойындарды ойнату, теледидар көрсету).

  • Балаға шыдамдылықпен қарап, аналық махаббатпен көп сөйлесіп, ауру туралы ойлатпау қажет.

  • Тумаларына науқастың анасына моральды тұрғыда көмек керек екенін, тұрмыстық мәселелердің бірқатарын шешуді өз мойындарына алуды өтіну.



Қолданылған әдебиеттер

1.


Мазмұны

Туберкулез ............................................................................................................................ 5

Дифтерия ........................................................................................................................... 11

Скарлатина ............................................................................................................................16

Эпидемиялық паротит ......................................................................................................... 21

Менингококты жұқпа ......................................................................................................... 27

Көкжөтел .............................................................................................................................. 33

Желшешек ............................................................................................................................ 38

Қызылша .............................................................................................................................. 43

Қызамық ............................................................................................................................... 46

Жедел ішек жұқпалы аурулар ......................................................................................... 52

Вирусты гепатиттер ............................................................................................................ 55



Полиомиелит ........................................................................................................................ 59






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет