Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары



бет34/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
Балалар аурулары Балаларды физикалы дамуы. Денсаулы топтары

Менингококты жұқпа

Менингококты жұқпа – менингококпен шақырылатын, бірнеше клиникалық түрлермен сипатталатын (менингококты назофарингит, менингококцемия, менингококты менингит) жедел жұқпалы ауру.

Аурудың қоздырғышы менингокок. Қоршаған ортада төзімсіз және өте улы эндотоксин бөледі.

Менингококты жұқпаның таралу жолы – ауа - тамшы жолы. Инкубациялық кезең қысқа, әдетте 2 – 10 күнге созылады.

Менингококты жұқпаның айқындалу белгілері оның клиникалық түріне байланысты.


  • Менингококты назофарингит:

  • катаральды өзгерістер: жұтқыншақтағы жыбырлау сезімі, шырышты қабығының қызаруы, жөтел, мұрыннан су ағу.

  • Менингококцемия:

  • өте күшті улану белгілерімен (ата – анасы 70% жағдайда аурудың басталған уақытын дәл көрсетеді) ауру жедел басталады;

  • бөкседе, қолдың және аяқтың төменгі бөлігінде ортасы некрозданған жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелердің болуы;

  • жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінің дамуы (бүйрекүсті безіне қан құйылғанда)

  • Менингококты іріңді менингит:

  • дене температурасының 39 – 40˚С – қа дейін көтерілуі;

  • басының қатты ауыруы;

  • гиперстезия – тітіркеністерге шамадан тыс сезімталдық;

  • жеңілдік әкелмейтін қайталап құсу;

  • құрысу (ерте жастағы балаларда жиі кездеседі);

  • желке бұлшық еттерінің тартылуы;

  • емшек жасындағы балалардың үлкен еңбегінің көтерілуі;

  • менингеальды симптом: Керниг және Бруздинскиий белгілерінің оң болуы (1 жасқа дейінгі балаларда бұл симптомдар анықталмайды);

  • науқастың мәжбүрлі қалпы (бір бүйірімен, басын артқа шалқайтып, аяғын ішіне тартып жатуы).

Аурудың диагностикасында қолданылатын негізгі зерттеу әдіс – мұрын, жұтқыншақтан алынған жағындыны және жұлын сұйықтығын бактериологиялық зерттеу. Менингококқа бактериологиялық зерттеу жүргізгенде, қоздырғыштың төзімсіз екенін ескеру керек. Сондықтан материалды лабораторияға 37˚С температурада жеткізу қажет.

Іріңді менингитте дәрігер жұлынға пункция жасайды. Медбике науқасты, керекті құралдарды дайындайды және пункция жасау кезінде дәрігерге көмектеседі. Ең негізгісі пункциядан кейін науқас күтімі дұрыс жүргізілуі тиіс. Люмбальды пункцияны диагностикалық және емдік мақсатта жүргізеді. Пункция мандрені бар инемен жасалады. Іріңді менингитте ликвор лайлыр, ағыны тез. Жұлын сұйықтығын бак. лабораторияға жібереді. Баланы етпетімен жатқан күйінде, арбамен бөлмесіне апарады. Алғашқы 2 – 3 сағат етпетімен жастықсыз жатады.1 тәулік қатаң төсек режимін сақтайды.

Менингококты жұқпаның емінде міндетті түрде антибиотиктер өте көп мөлшерде қолданылады. Сонымен бірге детоксикалық терапия (дегидратациямен бірге), симптомдық ем, назофарингитте жергілікті ем жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет