Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Мейірбикелік араласудың орындалуы
|
1.Анықталған көкжөтел ауруын керекті инстанцияларға хабарлау
| |
2.Науқасты оқшаулау
|
Науқасты үйде емдеуге болады.
Науқасты ауруы басталғаннан кейін 30 күнге оқшаулайды.
|
3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру
|
Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады).
Карантин 14 күнге жарияланады (карантин 7 жасқа дейінгі балалар арасында жүргізіледі). Карантин 15-күні ошақта тағы көкжөтел анықталмаса ғана алынады.
Қатынаста болғандар арасында жұқпаны анықтау үшін карантин кезінде жөтеліп жүрген балаларды қадағалайды.
Жөтеліп жүрген балалардан жұтқыншағынан шырышты бактериологиялық зерттеуге – «жөтел пластинкалары» әдісімен алынады. Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:
теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;
Боррде – Жангу таяқшасы бөлінсе – көкжөтелді емдейді.
|
4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу.
|
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.
Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орындалуын қадағалау.
Адамдардың топталып жиналмауын қадағалау.
|
5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.
Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.
Дәрігердің нұсқауымен көкжөтелге қарсы иммунизация жүргізу.
|