Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1 Науқасты бөртпе пайда болғаннан бастап 5 күнге оқшаулайды
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді.
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
|
Жұқпаның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді
|
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау.
|
Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды
Ауаның тазалығы қамтамасыз етілед
|
4. Көзді қорғау режимін қадағалау
|
Коньюнктивит салдарынан болатын ауыру синдромын, көздің қарығуын азайтады.
|
5.Тағам механикалық тұрғыда жеңіл болуын ұйымдастыру.
|
Қызылшада ауыздың шырышты қабықтары қабынған.
|
6. Ауыздың шырышты қабықтарының күтімін жасау.
|
Стоматиттің алдын алу үшін.
|
7. Екіншілік жұқпаның алдын алуға жағдай жасау.
|
Асқынуының алдын алу үшін.
|
Алдын алу. Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылша, қызамық, паротитке (ҚҚП) қарсы бір күрделі вакцина салынады. Вакцинаны 12 айлық жасында 0,5 мл мөлшерде тері астына егеді. Ревакцинация – 6 жаста. Арнайы емес алдын алуға: үнемі бөлмені желдету, ылғалды тазалау жұмысын жүргізу, адамдардың топталып бір жерге жиналмауы, балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, баланың иммунитетін көтеру мақсатында шынықтыру, витаминотерапия, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру жатады.
Қызамық
Қызамық – бөртпе шығуымен сипатталатын, ең жеңіл жедел жұқпалы ауру.
Қызамықтың қоздырғышы - вирус. Ол қоршаған ортада төзімсіз, аса ұшпалы емес. Аурудың таралу жолы – ауа – тамшы жолы, трансплацентарлық жолмен де жұғады.
Қызамық жүкті әйелдер үшін қауіпті. Жүкті әйелдер вирусты жұқтырғаннан кейін , қан арқылы шақалаққа жұқтырады, соның нәтижесінде бала әр түрлі кемістіктермен немесе өлі туылады. Туа біткен қызамықта көбінесе үштік белгі анықталады: катаракта, жүрек ақауы, кереңдік. Бұл кемістіктер анасы қызамықпен жүктіліктің алғашқы 2 айлығында ауырса дамиды. Кемістіктердің болуы жүктіліктің қандай мерзімінде жұқпаны жұқтырғанына байланысты. 3 – 4 айында ауырса, нәрестенің ақыл – есі кем болып туылуы мүмкін.
Инкубациялық кезең 18 – 23 күнге созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |