«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет7/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
лекция Балалар әдебиеті

Негізгі әдебиет:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976.

  3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(құраст.Ш.Ахметов).-Алматы: «Мектеп»,1980.-354б.

Қосымша әдебиет:

  1. Қазақ балалар әдебиетінің хрес.– Өңд.толықт.,1- бас. «Арман-ПВ» 2004. 1-кітап.

  2. Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері. Алматы: Арда, 2011

Дәріс - 7.
Тақырыбы: М.Әуезов және балалар әдебиеті. Сәбит Мұқанов және балалар әдебиеті.
Жоспары:
1 М.Әуезовтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
2 М.Әуезовтің «Көксерек » повесі. Повестің өзекті идеясы.
3 Сәбит Мұқановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Дәріс мақсаты: М.Әуезов, Сәбит Мұқановтардың қазақ балалар прозасына қосқан озық ойлы еңбектерінің табиғатымен таныстыру, өміршеңдік мәнін ұғындыру.
Дәріс мәтіні:
М. Әуезов шығармашылық алғашқы қадамдарында , яғни 20-шы жылдары жазған әңгімелер мен повесттері «Қорғансыздың күні» , «Барымта» , «Жетім» , « Ескілік көлеңкесінде» , « Қаралы сұлу»,«Қараш- қараш оқиғасы» , « Қилы заман» повесттері. 30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.
М.Әуезовтің, қазақ әдебиетінің , ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрген.
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге салаларымен қатар жарыстары өмірінің аяғыына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Әуезов Мұқтар 1912 жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгіме жазады. Бұл оның көркем прозасының басы еді. «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылндағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңімен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс- тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі жаяды.Бұл ретте «Қорғансыздың күнінде» зор тәрбиелік мағына жатыр. Абай жөніндегі роман-сол кезеңде кіллі дүние жүзіне көркем сөз құдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ Еліні әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың әдебиетін мойындатқан туынды.
Жазушының алғашқы прозалық шыығармасы-1921 жылы жазылғанн “Қорғансыздың күні” әңгімесі. Асыраушысы, сақтаушысы, қорғаушысынан айырылған жас Ғазиза, оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары. Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы, қиянат атаулының шегі жоқ дегенге сендіреді, Жан түршіктіреді. Жазушы табиғат суретін, Күшікбай жайындағы әңгімені тарта отырып, психологізм, символдық бей нені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі Жан дүниесімен үйлесімділік табады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі “Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қаралы сұлу” әңгімелері әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым-қиғаш, қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан легенді айтады.
М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің. Сон дай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.
“Кім кінәлі?”, “Сөну-жану”, “Қыр суреттері”, “Жетім” әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Жазушының бірнеше әңгімелері бір-екі эпизодты, шағын оқиғаға құрылғанымен де табиғат суреттеуі, кейіпкер психологиясын беруі терең әрі нәзік.
Повестері. Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі, айқасы “Көксерек” повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген. Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас, суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді. Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түсен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады. Қанша қолдан тамақ беріп, түнде қойнына алып жатқанымен де, тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны, оның әр қимылынан, әр айла, әрекетімен көрінетіні көркем жазылған. Жазушы жыртқыш аңның психологиясын әр әрекетімен, әр ісімен береді. Осыған дәл табиғат суретін қоса өзгерте отырып, идеяға апарады. Қолда өскен Көксеректің алғашқыда қойды үркітіп қрорқыта бастауы, ұрлап тамақ жеуі т.б. әрекеттерінен жыртқыштығын байқата бастаған қасқырдың соңында өзі қолынан ас беріп , бауырына басқан Құрмашты өлтіріп кетуіне дейінгі аралықта жазушы осылай болуының себебін де оқырманның ашып тануына мүмкіндік береді. Шығарма жауыздықтың, зұлымдықтың шығуына адамдар өзі түрткі болады деген бір ойды берсе, екінші жағынан, жаратылыстағы әркімнің өз өмір сүру әдісі бар оған иелік етуге, билік етуге, күшпен көндіруге болмайды деген ойды айтады.
Жазушының «Жетім» әңгімесіндегі жетім балалар тағдыры қатты толғандырған. Мұхтар мұндай төзімсіз жағдайларға жайбарақат қарай алмады. Сондықтан да ол «Жетім» атты әңгімесінде қаңғып қалған Қасымның тағдырына егіле отырып, оны дарынды шеберлігімен тебірене суреттеп берген. Әке-шешесінен жастайынан айрылып, әжесінің тізесін құшақтап қалған Қасым жарты жылдан, соң онымен де қоштасады.
Қасымның тағдыры енді Иса мен оның ұрысқақ долы әйелі Хадишаға қарап қалды Қасымның әке- шешесінен , әжесінен қалған отыз шақты қой , он шақты ірі қараға ие болған Иса мен Хадиша оларды талан – таражға түсіріп , көжеге ортақ қылғанша деп , ұрып – соғып , аштан- аш қаңғытып жіберді. Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. Қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен еенсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қыылып тегістеп тастайды.Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз. Арқалықтың осы түрі оқырманы бірден-ақ бір түрлі оқыс оқшау сезімге салып, сүреңсіз табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла тұз, жалаңаш жон, қахарлы қыс, бұрқаған боран... Бұл өңірдегі табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тіршілігінің түрі тәрізденеді.Осындай әсерлі суретке жалғаса келіп, Күшікбай батыр жайлы аңыз әңгімеленеді.
Ұлы Октябрь революциясы тудырған қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған ардагер жазушыларымыздың бірі – Сәбит Мұқанов. Ол өзінің творчестволық өмірін әрқашан балалар өмірімен жалғастырып отырған жазушы еді.Сәбиттің жас өспірімдерге арнаған «Бақташының баласы», «Батыр қыз», «Менің мектептерім», «Патшаны қуған батыр», Индия жазушысы Навтежден аударған «Балалар» повестері мен әңгімелері қазақ балалар әдебиетіне қосылған алкен үлес, мол мұра болып қалды.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданындағы жазушының өз атымен аталатын колхозда, кедей семьясында туған. Жеті жасында әкесінен, сегіз жасында шешесінен айрылып, жетім қалған Сәбит тұрмыстың ауыр да қасіретті күндерін басынан кешіре жүріп, он жасынан бастап, кісі есігінде жалшылық бейнетін көреді. Жетімдік қасіреті басына төнген Сәбит кісі есігінде жүріп, отыншы да, сушы да, бақыршы бала да атанып, есере келе жылқышы да болады.
Сәбит 17 жасқа дейін белгілі бір мектепте оқымаған. Тек өзінің алғыр да өжет талантының арқасында тиіп қашып жүріп, аул молдаларынан хат таниды. Қолжазба қиссаларды оқуға шама – шарқы келіп, он өзі сияқты жалшылар арасында жаттап айтатын болады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларымен көп танысқан Сәбиттің өз тұсынан да өлең қабілеті көрініп, ол 15 жасынан бастап өлеңді өзі шығара бастайды. Ұлы Октябрь революциясының жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті. 1918 жылдың күзінен баста Омскідегі оқытушылар курсына түседі. Бұл оқу оның болашағына жол ашады. Мұғалімдік курсын бітірген соң, Сәбит ауылда мұғалім болып істейді. 1922 – 1924 жылдары Сәбит Орынбордағы рабфакта оқи жүріп, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.Осы тұста Сәбиттің өлең – мақалалары газет – журналдарда жиі басылған. Міне, осы жылдар арасында «Теміртас» романы мен «Ақ аю» поэмасы және бірнеше өлең, әңгімелері басылды. 1938 жылдан 1941 жылға дейін Сәбиттің «Жұмбақ жалау», «Менің мектептерім», «Балуан шолақ» атты романдары шықты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәбит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі қызметін атқарды. Бұл жылдары оның «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Алыптың адымдары» атты очерктері оқырмандар қолына тиеді.Әдебиет дамытудағы қажырлы еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. С. Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды.
«Бақташының баласы» деген повесі «Қазаға ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», «Жаралы құлын», «Бөлтіріктер», «Көк шолақ», «Аңды адам жеңеді» деген жеті бөлімнен тұрады.
Повестің бас геройы – бастауыш мектепте оқып жүрген он жасар Жандос. Жандос бақташының баласы болғандықтан, жас та болса, мал. жайын жақсы білетіні бірден – ақ көзге түседі. Бала жас кезінде бәрін де өз шешімімен істемейді, олар тек үлкендердің тапсырмасын орындау арқылы ғана үйренеді. Өз бетімен жұмыс Істру қабілеті үлкендерден үйреніп, білу арқылы ғана өзінің жас ерекшелігіне қарай бірте – бірте дамиды. Жазушы балада болатын осындай ерекшеліктерді дұрыс аша отырып, өмірге икемді қызмет етуге төселдіру үшін, әр алуан іс – әрекеттерге қатыстырып және өзін де соған араластыра баулу арқылы үйретуді көздейді. Осындай шарт, осындай әдіс повестің ең соңғы тарауына дейін берік сақталған.
Баланы жастайынан шаруашылыққа баулып, өзімен бірге мал. өрісіне апарып жүрген Бектас қарт енді Жандосқа құнанды өлтірген қасқырды ұстау тәсілдерін де көрсетеді… «Қасқырдан кек қайтару керек», - дейді шал немересіне. Бұл да өмірге баулудың бір тәсілі.
Жандос жас та болса, ауыл шаруашылығына кішкентайынан араласып, ат үстінде жүргендіктен, оның қай нәрсеге болса да икемі бар шыныққан бала. Сондықтан да оның қасқырдың қарнына пышақ салу алкен ер лік друге болады. Жандостың осындай жүректілігі, ерлігі жас өспірімдер арасында батылдық рух тудырады. Өйткені Жандос ылғи қозғалыс, әрекет үстінде көрінеді. Сондықтан да автор өзінің жас оқушыларын Жандостың ерлік істеріне байланысты жан түршігерлік қатты үрей үстінде еріксіз қобалжытып, Жандос пен Бектасқарттың алдағы тағдырына үңілтіп, аңдытып қояды.
Сәбит «Бақташының баласы» атты бұл шығармасында өмір жолын көрсететін колхоз ауылының нағыз өз тұрмысын суреттеп берген.Колхоз шаруашылығына жаны ашып, өз өмірін сол жолға сарп еткен Бекас қария мен Жандостың колхоз малын ит – құстан қорғап, сақтауды ғана алдарына зор мақсат етіп қойған патриот адамдар екенін көрсетеді. Мұндай шығармалар балаларды өмірге жанасымды етіп тәрбиелеуде алкен рөл атқарады. Сәбит Мұқанов «Бақташының баласы» деген повесінде Жандос образы арқылы теориялық білім мен практикалық істің байланысынан шыққан жемісті жас өспірімдерге үлгі етіп көрсетіп отыр. Бұл повестің оқиғасы да, тақырыбы да балалардың өздеріне таныс құбылыс арқылы суреттеледі. Композициялық құрылысы да қызық. Балалардың қиялын қызықтырып, оларды алкен арманға, эстетикалық идеялға, әрекетке, өздері қызығатын іске қарай баулиды. Соған орай Сәбиттің тілі де өте қарапайым, жатық тіл. Сөйлемдері ықшамды, шағын болғандықтан, айтайын деген ойлары да айқын суреттеледі.
Балаларға жақсы тәрбие берумен қатар, Сәбиттің бұл повесінің басты ерекшеліктерінің тағы бір жақсы көрінісі – тілінің көркемдігі мен айқындылығында. Қазақ балалар әдебиетінің елеулі орын алатын Сәбит Мұқановтың тағы бір шығармасы ол – Совет Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өзіне арнай жазған «Батыр қыз» атты әңгімесі. Бұл әңгіме балаларды патриоттық рухта және отаншыл етіп тәрбиелеуде ең басты рөл атқарады. «Батыр қыз» әңгімесінде қаруланған жас өспірімнің үздік сипатта қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен оның сондайлық қайсарлығы, тапжылмас өжеттігі көрінеді. Әңгіменің композициясы да басты кейіпкердің өз халқы мен Отаны алдында саналы түрде аянбай қызмет етуге кіріскенін көрсетуге құрылған. Әңгіме құрылысының қызықтығы, тартымдылығы сон дай, оның әрбір елеулі кезеңдерінде майданға араласқан Мәншүктің рухани өскені, қажырлы қайратына мініп, жауға деген қаталдығының арта түскені айқын көрініп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет