«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет6/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
лекция Балалар әдебиеті

Күшігенге ұсаған


Құлқы бұзық қақпас хан.
Бұл – ертегі поэмада қолданылған ақындық тәсіл. “Ертегінің жері де, мезгілі де белгісіз болады. Баяғы тағы заманда болған оқиға. Белгісіз от дариясы, жын, пері мекені, алтын сарай, күміс бәйтерек, аспанда салынған үйлермен келеді. Осы сияқты жай өмірден жат болып жасалатын істер ертегінің дағдысы деп саналады” деген ғұлама М.Әуезов.
Ертегі поэмада сол “жасын тақта жасаған” Аббас ханға бір жұлдызшы (бас балшысы) келіп, оныншы күннің таңында ханға қатер төніп тұрғанын ескертеді дейді. Құп-қу болып қаны қашқан хан жұлдызшыны жайсыз хабар жеткізгені үшін өлім жазасына бұйырмақ болады. Алайда, жұлдызшы бұл қатерден құтылудың жолын көрсетіп, хан қаһарынан аман қалады. Оныншы күннің таңында тақта отырған хан қазаға ұшырамақ. Ажалдан құтылудың жалғыз амалы тақты уақытша біреуге беріп, оның жаны жаһаннамға кеткенше қарапайым көптің бірі болып бас сауғалау екен.
Уақытша таққа отырудан ханның уәзірі де, қазы да, қолбасы да – бәрі-бәрі бас тартады. Олар өздерінің ел билеуге шарасыз, кемақыл екендіктерін мойындап зар жылайды. Шындық хан әкімқараларының өз аузымен айтылады. Ханды бұл тығырықтан әлгі жұлдызшы алып шығады. Ол базарда жүретін шаян тілді ерші шебер Жүсіп деген сұмды таққа отырғызу керек дейді. Базарда біраз жолдастарымен: “Біз не көрсек те, хан, қазы, әкім байлардан көреміз. Кедейге таң атар күн жоқ. Кедей сорлы бізге жазған заң осы деп жұбанар. О, жазған, ойласаңдаршы, сол заңды жазған кім? Хан мен қазы емес пе?” – деп әңгіме-дүкен құрып, шай ішіп отырған ерші Жүсіпті хан әскері кернейлетіп, сырнайлатып “Таққа отырыңыз!” деп қолқалап алып келеді. Таққа отырған соң:
Жарлықты Жүкең жаудырды,
Уәзірді жер аудырды,
Қазының басын алдырды.
Машайығын, молдасын,
Қойқаңдаған қолбасын
Абақтыға салдырды. [24, 265 б]
Теңдік тиіп, балаша қуанған байтақ ел: “Мың жаса, Жүсіп, мың жаса!” деп шуылдап алқап жатады. Бірақ күндердің күнінде Аббас ханның “тірі қалған төбеттері” есін жия бастайды. Оныншы күннің таңында, жұлдызшы айтқандай, тақта қаннен-қаперсіз отырған Жүсіп хан өзіне ту сыртынан қадалған қанжардан қаза табады. Тау-таста қашып-пысып жүрген Аббас хан да шыға келеді осы тұста.
Поэма жанрын жете зерттеуші ғалым Ә.Нарымбетовтың айтуынша, “Эпикалық поэмалардың басты көркемдік компоненті – сюжет және сол сюжетпен тікелей байланысты адамның нақтылы бейнесі” [25, 100 б]. Ертегі поэмадағы ақынның Жүсіп деп ишаралап отырғаны Иосиф (И.В.Сталин) екенін аңдау қиын емес. Туындының бастапқыда “Шын ертегі” аталуының осындай да сыры бар.
М.Жұмабаевтың “Өтірік ертек” атты ертегі поэмасының басталуы да қызғылықты. Ақын өзінің бұл шығармасы балаларға арналған туынды екенін аңдатып, әуелі кез келген қазақ баласы жатқа айтатын әйгілі санамақты жадымызға салады:
Бір дегенім – біреу ғой,
Екі дегенім – егеу ғой.
Үш дегенім – үскі ғой.
Төрт дегенім – төсек қой,
Бес дегенім – бесік қой.
Алтыны – асық десті ғой.
Жетім –желке емес пе,
Сегізі – серке емес пе,
Тоғызым – торқа болмай ма?
Он дегенім – оймақ қой,
Он бір қара жұмбақ қой,
Жұмбағым, балалар, ұнай ма?
Бала оқырмандарын осылай бір ойландырып алғаннан соң ғана негізгі оқиғаны баяндауға кіріседі. Ақын кіріспені ертегі поэманың эпилогында еске алып, өзінің “кемі – өтірік, көбі – шын” сөзінің мысал екенін ұғындырады. Ертегі кейіпкерлері ретінде алынып отырған “мысықтың талаушы екені, ханның қанаушы екені, осынау екі жауын кейін ханталау қылған тышқанның қалың ел екені” ашық айтылып, жұмбақтың шешуі жария етіледі. “Жүсіп хан” мен “Өтірік ертек” ертегі поэмаларының екеуі де озбыр, жемқор хандардың айналасындағы сыбайластарымен бірге халықты ашкөздікпен қанауына төзбеген қалың елдің бостандыққа, теңдікке ұмтылуын суреттейді. Қос туындының бір тақырыпты өзек етуі, олардың бірдей өлең өлшемімен жазылуы, идеялық-көркемдік шешімдерінің бірлігі “Жүсіп хан” мен “Өтірік ертек” ертегі поэмаларының сабақтастығын танытады. Ақын балаларға ертегі ретінде жаза отырып, өзі өмір сүрген кезеңдегі (Сталин культін) қоғамның ащы шындығын көрсеткен. М.Жұмабаев балалардың логикасына сыйымды, нанымды етіп сюжетті өре білген. Қазақ балалар әдебиетін қалыптастырған классик қаламгердің бірі – Ж. Аймауытов. “Жаман тымақ” (1929) поэмасы – кіші жастағы балалардың тіліне ықшамдап жазылған сатиралық туынды. Ақын балаларды оқиға шапшаңдығымен поэмаға баурай түседі. Оқиғаның инерциялы басталуы да балалардың жас ерекшелігін ескерумен орайласып жатыр. Жеті буыннан бірден сегіз буынға алмасуы да оқиға тартылымдығына ықпал етерлік. Сорлы кедей қалбаңдап, //Жаман тымақ жалбаңдап тармағының ертегінде бес рет қайталана қолданылуы да бала қабылдауына әсерлі. “Қалбаңдап”, “жалбаңдап” бейнеге толы сөздері кейіпкер мінезін танытумен сабақтаспақ. Лирикалық кейіпкердің ақсақалға, болысқа, молдаға, байға, начальникке келуі тәрізді оқиғалар тізбектеле, екпіндей өрбуімен тартымды. Ертегі кейіпкердің қимыл-әрекетін сипаттау басылымдығымен, оиғалардың тез алмасып отыруымен ерекшеленеді. Ақын баланы жалықтырып алмау үшін оқиғаны жинақы да ықшамды өрбіткен, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ еліндегі тыныс-тіршілікті, төңкерістен кейінгі қазақ қоғамындағы заман шындығын сатира тілімен өткір өрнектеп, бала танымына Жаман тымақ бейнесі арқылы суреттеп берген. Поэманың ұтымдылығы уақыт шындығын бала қабылдауына ықшамдап, нанымды жеткізуінде.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Көп қағаздың ішінде,
Жатушы еді құнысып.
Жаман тымақ жалп етті,
Құлақтары салп етті.
Телпек тұрды “уралап”,
Шәрке шықты домалап,
Тымақ жатыр сығалап,
әкетті бәрін арбалап.
Жаман тымақ со кезде,
Жан біткендей лезде
бір құлағы селт етті,
өзінен-өзі селк етті.
Сонда тымақ желпінді,
құлақтарын сілкінді:
тамақты бір кенеп ап:
білекті бір білеп ап:
“мен – кешегі “ малақай”
күнім туды: “Алақай!”
“түй желкеге,түй”деді
қорықпай қалай бүй деді.
Бұл эпизодтар – Жаман тымақтың кешегі және бүгінгі өмірінің көрінісі. “Бүрісіп”, “құрысып”, “құнысып”, “жалп етті”, “салп етті”, “сығалап”, “селт етті”, “селк етті”, “желпінді”, “сілкінді” бейнелі сөздері Жаман тымақ бейнесін ашуға ықпал етумен қоса, балалардың ертегі мазмұнын эмоционалды қабылдауына әсер етерлік әсерлендіргіштік мәні зор.
Ғалым Сағынбекұлы Р: “Жаман тымақ – кешегі қазақ қауымының бодандық бұғауында, отаршылдық-империялық саясаттың салқыны мен салмағы батқан жиынтық бейне. Автор осы кейіпкерлер арқылы болмыс-құбылыстарды дидактикалық бірлікте ұштап, осының негізінде қазақ өмірін, кәсіп-тірлігінің ең негізгісі “соқырдың тілегені – екі көзі” дегендей, осы елдің (қазақтың) өткен тарихы мен тағдырын сатиралық элементтерді молынан қолданып, сықақ өлең үлгісімен нанымды, бейнелі, өткір жеткізеді” – деп Жаман тымақ бейнесін ашарлық пікір білдірген.
Бақылау сұрақтары:
1 А.Байтұрсынов шығармаларының бала тәрбиесінде алар орны қандай?

  1. М.Дулатов, М.Жұмабаев өлеңдерінің танымдық мәні неде?

3 Ж.Аймауытовтың сатиралық поэмасының танымдық, тәрбиелік қуаты неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет