Бастауыштың 3 сыныбында Қазақ әдебиетінің 1 бөліміндегі Тұманбай Молдағалиевтың –«Гүлдер» өленінің мазмұны:
Негізгі идеясы: Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Табиғатты аялауға,күтіп-баптауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Гүл — өсімдік, ол тірі табиғатқа жатады.Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.Гүлдер ауаны тазартады, кейбірі ауруларды емдеуге өте пайдалы, тіпті олар үйді де әсемдейді. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады.Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау — үлкен құрметтің белгісі.Гүл арықыл жақын жанның көңіл күйін көтеріп,қуантуға болады.Жалпы негізгі идеясы табиғаттын әсем бейнесін құртпау, табиғаттымызды қастерлеу.Себебі балдар кейде жайдан жай жұлып, лақтырып жүргенің байқаймыз. Немесе ойын үшін жапырақтарын жұлып отырады. Осының дұрыс емес екенің балаға үйрету деп ойлаймын.
2 автор:Ертай Ашықбаев Өмірбаяны:1956 жылы 24 сәуірде Темір ауданының Бабатай ауылында дүниеге келген. Венгриядағы танк әскерлерінде қызмет етті. Оралып, газетте жұмысын жалғастырды 1972-1974 жж. Темір аудандық «Жұмысшы» -«Рабочее знамя»,Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, облыстық «Ақтөбе» газетінде қызмет істеп келеді. Қазір бас редактордың орынбасары. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы және Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлықтарын алған. Қазақстанның Құрметті журналисі, «Мәдениет қайраткері», ҚР «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісінің иегері. Темір ауданының Құрметті азаматы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Құрметті профессоры. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі. Бірқатар халықаралық, республикалық мүшәйралар мен жабық байқаулардың жүлдегері. Балаларға арналған өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына енгізілген.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Мерекелік медальдармен марапатталған.
1989 жылы «Қос мең» жыр жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының лауреаты атанды. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдердің үздік шығармаларына арналған республикалық жабық бәйгенің төрт дүркін жүлдегері. 1996 жылы Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлықтың, 2004 жылы Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты.