Бастауыштың 3 сыныбында Қазақ әдебиетінің 1 бөліміндегі Әдібай Табылдының–«Аман және телефон» мәтінің мазмұны:
Негізгі идея:Ұялы телефонға әуесқой болу зияны туралы балаларға түсіндіру.Оларды уақытылы пайдалану керек екенің үйрету. Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер ететінің айтып кету керек.Есте сақтау қабілеті нашарлайды,анымдық қабілеті төмендейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық болып келетінің көрсету.Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған.Баланың бос уақытының барлығы осыған кетеді.Телефон арқылы бала мүлдем басқа әлемде болып, шын өмірдегі достары, отбасы, бос уақытын, оқуын қалдырады.Осы зияндылықтардың барлығын балаға сабақ барысында айту әр мұғалімнің міндеті.Автор балаға телефон шұқып уақытынды алғанша, отбасына , білімге көңіл бөл дегісі келді деп ойлаймын.
5 автор:Жұматай Жақыпбаев Өмірбаяны: Жұматай Сағадиұлы Жақыпбаев (30.1.1945, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауылы — 16.9.1990, Алматы қаласы) — ақын. Жұматайдың шын азан шақырып қойылған есімі – Жұмағұл-Шора. Бұл туралы өзі бір жырында айтады:
"Жұмағұл – Шора – азан сап қойылғаны,
Мейірімін шешем қосып ойындағы.
Жұматай деп атады. Кейін қыздар,
Осы атты керемет деп мойындады".
1961 жылы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебін бітірген. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлекеттік университетін 1967 жылы бітірген. Талдықорған облысының «Октябрь туы» газетінде жұмыс істейді. Кейін Талдықорған облыстық радиосы мен «Жалын» баспасында журналист болады. Қазақстан Жазушылар одағында да қызмет атқарған. Ақын Жұматай Жақыпбаев "Жігітке жеті өнер де аз" дегендей, бір бойына бірнеше өнер қонған дарынды азмат болған. Оны замандастары мықты боксшы, күйші, атбегі, көкбаршы ретінде біледі.Француз тілін білген. Жақсы сурет салған.
Жұматайдың өмірдегі жары – ақын Зайда Елғондинова. Ол да – ақын. Зайда ақынның "Қырдың қызыл реңі", "Қандай сұлу таң еді", "Менің ғасырым", "Сәуір шуағы", "Мұнар мен гүл" жыр жинақтары, "Зайдағұмыр" өлеңдер жинағы (2002), "Махаббат пен мұң" поэтикалық новеллалар жинағы (2003) жарық көрген. Жұматай Жақыпбаев туралы "Менің ертегім" және "Мың екінші түн" атты кітаптар жазған. Ақын өзінен кейінгілерге аға болып, бір топ жас ақындардың басын қосып "Жұматайдың қағанатын" құрады. Қағанатта Әбубәкір Қайран, Есенқұл Жақыпбек, Светқали Нұржан, Гүлнәр Салықбай, Темірғали Көпбаев, т.б. ақындар болған. Ақын Мейірхан Ақдәулет "илхан" шеніне, мәдениеттанушы Әуесхан Қодан "гоан" шеніне тағайындалған.
Жұматай Жақыпбаев ғұмыр бойы жырлап өткен музасы Ләйласын өмірінде 3 рет қана көрген. Ол алғаш рет Ләйләні би кешінде көрген. Екінші рет оны КазМУ қалашығанын сырттай көріп қалған. Ләйләнің жанында бөтен жігіт тұрғанын көріп, жақындауға бата алмаған. Ал, үшінші рет ауылда көрген. Мәскеуге оқуға кеткен Ләйлә елге оралғанда сыртынан ғана көріп, көз тартар сұлулығына тәнті болған деседі.