Балалар әдебиеті туралы түсінік Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы



бет2/13
Дата02.06.2023
өлшемі58,61 Kb.
#98185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Балалар әдебиеті

Өтірік өлең ерекшелігі:

Өтірік өлең-қазақ халқыныңтұрмыс салтына туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешілігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағалаған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды. Өтірік өлең-қазақ халық поэзиясында ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр.

  1. Ертегінің жанрлық ерекшелігі.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
9-билет

  1. Ертегілердің классификациясы және жанрлық түрлері:

Әлемдік фольлортану ғылымында қара сөзбен айтылатын ауыз әдебиетінің барлық түрін халық прозасы деп, оны 2 топқа бөледі:
Аңыздық проза
Ертегілік проза
Ертегілік проза немесе ертегілер адам баласының еңбек, кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.
Негізінде ертегілерді пайда болу кезеңімен, мән-маңызына қарай 2 топқа бөлу қажет сияқты.
1.Қазақ жеріне ислам дінінің келуіне дейінгі ертегілер.
2.Ислам діні келгеннен кейін пайда болған ертегілер.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
4) тұрмыс-салт ертегілері.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет