Балалар әдебиеті туралы түсінік Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы


ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті туралы түсінік



бет5/13
Дата02.06.2023
өлшемі58,61 Kb.
#98185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Балалар әдебиеті

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті туралы түсінік.

Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіліп-жетілуімен қатар, ХІХ ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарады.
Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтин бесіді десек “Әліппе ” мен “Букварь” балалар кітабының, балалар жаба әдебиетінің негіді болды дер едік. ХІХ ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жаба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көз-қарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті. Балалар ендігі жерде Діни медреселерде оқымасын, олардың бастарын Діни уағыздарын мектептеріне тартылсын деген пікірлер туа бастады. Бұл кезде Діни медреселерде оқитын шәкірттерге ислам дінін дәріптейтін өлеңдерді, түсініксіз аяттарды хормен айтқызып, еріксіз жаттауға мәжбүр ететін. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары20 ғ-дыңбасында көбейе бастады.Қазақ балалар әдебиетінің ең қаулап дамыған кезі -1970-1980 жылдар. Бұл жылдарда балаларға жоне жастарға арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық кәдеби конкурс өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша әсер етті. Осы жылдары жазылған М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтердің молдылығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғасырда Ы.Алтынсарин жасады.

  1. Туған ел, батырлық, елжандылық тақырыбындағы өлең.

Туған жерге
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,
Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын.
Саған қарай ұлып келем, туған жер,
Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар,
Аспанында аяулы елдің жыры бар.
Ақсұңқарың қанша биік ұшса да,
Саған келер, саған келіп жығылар.
О, туған жер, қадіріңді кім білген,
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Басқа жерде той тойламаған мың күннен.
Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,
Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Саған ғана аяғымды тіредім
Кетсем сенен арысырақ жыраққа,
Мен өзіңді көрмесем – ақ бір апта,
Жүдеп қалам, ұқсап қалам сонда мен
Құяр жерін таба алмаған бұлаққа.
Ақ қайыңдар, көк теректер, тыңдаңдар,
Жеңешелер, қарындастар, туғандар,
Көрініңдер, қарсы алдымнан шығыңдар,
Менде сендер оқымаған жырлар бар.
Әкел маған тұлпар атты ең мықты,
Көрсін дүние жүйріктікті, ерлікті,
Кең далада қалсын бойым жазылып,
Кең далада қалсын бойым жазылып,
Кең далада үйреніп ем кеңдікті.
Дәмем де зор үлбіреген гүліңнен,
Осы сенен қаламадым бүгін мен.
Қажетіңді аша алмасам егерде,
Қиып таста көктетпей – ақ түбімнен.
(Тұманбай Молдағалиев)

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали Мақатаев






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет